» » ӨТІРІК ӨРГЕ БАСПАЙДЫ

ӨТІРІК ӨРГЕ БАСПАЙДЫ

   Бұл дүниеде қаншама адам бар. Байқап қарасаңыз, адамның барлығы өтірік айтады. Жүректі қарайтатын өтірік қанға сіңген әдет пе, әлде мәжбүрлік пе?
Басқасын басқа, баланың өтірік айтқаны дұрыс емес. Себебі бала ата-анаға қарап өседі. Әке-шешесі өтірік айтатын баладан болашақта зор үміт күту қиын. Мұндай ата-ананың қатарында сіз де бар болуыңыз мүмкін. Себебі өзіңіз байқамай жиі өтірік айтасыз. Мәселен, балаңызға орындамайтын нәрсені айту немесе үйге біреу қоңырау шалса, «мені жоқ дей сал» деген сөздің өзі өтіріктің өрлеуіне алып келеді. Осындайда Бауыржан Момышұлының «Өтіріктің балын татып, тірі жүргенше, уын ішіп, өлген артық» деген сөзі еске түседі. «Не сөйлейтініңді, қайда сөйлейтініңді, не деп сөйлейтініңді біл» деген сөз де бар емес пе? Бір ауыз өтірік сөз тұтас өмірді ойран етуі мүмкін. Өтірік жарасы жазылғанмен оның ізі мәңгілікке қалады.
Дамир АМАНГЕЛДІҰЛЫ
 
08 маусым 2018 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031