» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

    Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы – ұлтымыздың жарқын болашағын айқындайтын стратегиялық маңызды құжат. Оның ішінде ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың маңызды тетіктері қарастырылған. Мемлекеттің одан әрі дамып, өркениетке қол жеткізуге бағытталған қадамының бірі – латын қаріпіне көшу. Сондықтан қазіргі таңда латын қарпіне көшудің маңыздылығы еліміздің түкпір-түкпірінде талқылануда.

        Жаңа өзгеріс қазақ тілінің дамуына, заманауи ғылым мен технологияның тіліне айналуына зор ықпал етеді. Одақ тараған жылдары оның ішіндегі 15 республика өз ұлттық мүддесін қалыптастыруда түрлі жұмыс атқарды. Мәселен, өзбек, тәжік халықтары латын әліпбиіне көшуді сол уақытта қолға алды. Егер біз де латын әліпбиіне көшу жұмысын жүйелі түрде, әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырсақ басты мәселе – тіл тазалығын сақтап қалуға мүмкіндік бар. Нәтижесінде тілдегі жат дыбыстарды қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпы сақталмақ.  Қазақ тілін оқытқан уақытта артық таңбаға қатысты емле, ереженің азаятыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.
     Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Компьютерлік жаңа технология арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне латын әліпбиінің көмегімен кіру тиімдірек болады.  Түбі бір түркі халқы негізінен латын әліпбиін қолданады. Алдағы уақытта да олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты күшейту керек.
       Бүгінде латын әліпбиіне көшуде айтарлықтай үлкен кедергі жоқ. Негізінен осы мәселеге байланысты халықтың көзқарасы және ниеті бір болса, мәселе шешімін табады. Жастар мен орта буын өкілдері компьютерді толық меңгергендіктен латынды үйрену қиынға соқпайды. Нақты бағдарлама бекітілген соң, Қазақстанның алғыр халқы латынды тез меңгеріп кететініне сенімім мол. Аудан жастары латын әліпбиіне және үш тілділікке ауысуға оң көзқарас білдіріп, бүгінде олардың қатысуымен кент, ауылдық елді мекенде семинарлар, дөңгелек стөлдер ұдайы ұйымдастырылуда.

Ерғали ИЛЬЯСОВ,
Жаңақорған аудандық
мәслихат хатшысы
14 маусым 2018 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31