» » Қазақстанның ең үздік үш әкімі анықталды

Қазақстанның ең үздік үш әкімі анықталды

   “Стратегия” әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы” (ӘСЗО) қоғамдық қоры 2018 жылдың бірінші жартысы бойынша Қазақстанның өңірлері мен қала әкімдерінің тиімділік рейтингісін жасады. Осыған сәйкес, еліміздің ең үздік үш әкімі анықталды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі“Стратегия” әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы” (ӘСЗО) қоғамдық қорына сілтеп.

Қала және өңір басшыларың тиімділігі әкімнің жұмысымен халықтың қанағаттануы, аймақтағы экономикалық және ішкі саяси жағдайды басқару, әкімнің ақпараттық ашықтығы мен саясаткер ретінде әкімнің перспективтілігі бойынша жеті ұпайлық шкаламен бағаланды. Еліміздің ең үздік әкімдерін анықтау үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінен барлығы 26 сарапшыдан сауалнама алынды.
Алынған мәліметтерге сәйкес, сарапшылар көбінесе әкімдердің жұмысын орташа деңгейде бағалаған. 5 ұпайдан жоғары баллды (7 баллдық шкала бойынша 5.07 ұпай) Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қана жинады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және Алматы әкімі Бауыржан Байбек ең тиімді әкімдер рейтингісінің үштігіне кірді.
Жалпы алғанда, бес өңірдің әкімі төрт ұпайдан жоғары балл жинап, Қазақстанның үздік әкімдері деп танылды. Яғни Исекешев, Көшербаев, Байбек, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жасаған жұмыстарының нәтижесі бойынша жоғары көрсеткішке ие болып, ең тиімді әкімдер рейтінгісінің бестігіне енді.
27 маусым 2018 ж. 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031