» » Ұстаздар үміті ақталды

Ұстаздар үміті ақталды

Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында Қазалы ауданы бойынша ең жоғары ұпайды Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің түлегі, «Алтын белгі» иегері Еркін Рат жинады.1-сыныптан бастап алғырлығымен көзге түскен Еркін Қазбекұлының болашағынан ұстаздары үлкен үміт күтіп, келешегіне зор сеніммен қарайтын. Бала күнінен Экономист болуды армандаған Еркін математика пәнін ерекше сүйіп оқыды. Мектеп-лицей қабырғасында жүрген кезде-ақ, Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің грантын жеңіп алған білімді шәкірт тестілеу кезінде өзі таңдаған география және математика пәндерінен 40 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берді.
«Ең сүйікті пәнім математика. Пәнге деген қызғушылығымды шыңдап, бүгінгідей жетістікке жетуіме бірден-бір себепші сынып жетекшім әрі математика пәнінің мұғалімі Ғани Берінбаев. Ғани ағайдың сабақты түсіндіруі, оқушының түйсігіне жеткізуі ерекше. Сабырлығы мен білімділігіне, жұмысына деген жауапкершілігі мен мамандығына деген сүйіспеншілігі мені тәнті етеді. Менде ұстазым сияқты өз мамандығымның білікті маманы болғым келеді. Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінен экономист мамандығын меңгеруді жоспарлап отырмын», – дейді Еркін.
Еркін отбасындағы үш баланың ортаншысы. Әпкесі Дана Жолмырзаева №249 мектеп-лицейді үздік аттестатқа бітіріп, тестілеу сынағында 125 баллдың 115-ін жинаған. Қазір Алматыда Қазақ ұлттық университетінде «Шет тілі» мамандығы бойынша жоғары білім алуда. Ал қарындасы Ақерке №249 мектеп-лицейдің оқушысы. Алтын белгіге үміткер. Әкесі Қазбек теміржол саласында жұмыс істесе, анасы Қалдыгүл Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп мұғалімі.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
14 шілде 2018 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031