» » МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫН ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ

МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫН ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыс әкімдігінде жер қойнауын пайдаланушылармен кездесті. Күн тәртібінде мұнай-газ саласының дамуы және әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы сияқты мәселелер қаралды. 
Соңғы жылдары облыстың мұнай-газ саласында күрделі ахуал қалыптасты. Көмірсутегі шикізатының бағасына қатысты әлемдік дағдарыс өзге өңірлерге қарағанда біздің аймаққа әжептәуір әсерін тигізді. 
Республика бойынша аталған табиғат байлығының қысқарған көлемінің 70%-і Сыр елінің үлесіне тиесілі. Мұнай өндіру көлемі жыл сайын орта есеппен 12%-ке кеми түсуде. Егер 2013 жылы облыс бойынша 10,5 млн тонна «қара алтын» өндірілсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 6,8 млн тоннаға төмендеді. 
Биыл өндірілетін мұнай көлемі өткен жылғыдан 7,5%-ке немесе 600 мың тоннаға дейін қысқарып, 6,2 млн тоннаны құрауы мүмкін екені болжанып отыр. Әзірге осы жылдың алғашқы жартысында барлығы 3,2 млн тонна жерасты байлығы өндірілді. Сәйкесінше, соңғы бес жылда мұнайшылар тарапынан бюджетке бағытталған салықтық түсімдер 3 есе немесе 594 млрд теңгеден 204 млрд-қа азайды. 
– Дегенмен, осы уақыт ішінде экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік туды. Біз көмірсутегі мен уран өнімдерінің бағасы түсіп кеткеніне қарамастан, жақсы өмір сүріп, қарқынды дамуға болатынын дәлелдедік. Қазір өңір экономикасының көмірсутегі шикізатына тәуелділігі едәуір азайды. Біз жалпыөңірлік өнім бойынша соңғы 4 жылда, алғаш рет оң векторға шықтық, – деді облыс әкімі. 
Қазіргі күні аймақта өндірілген мұнай көлемінің 70%-і ішкі нарықтың қажеттілігіне жұмсалса, қалған бөлігі экспортқа бағытталып келеді. Мәжілісте аймақ басшысы жер қойнауын пайдалану есебінен түскен табысты бірінші кезекте жаңа кен орындарын бұрғылауға, мұнай-газ секторын дамытуға бағыттау керектігін жеткізді. Облыс әкімі мәлімдегендей, қазіргі кезде әлемдік мұнай бағасы қалыпқа келе бастады. Бұл өз кезегінде мұнай компанияларының жұмысына оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты аймақ басшысы әлеуметтік саясатты қайта қарастыру қажеттігін атап өтті. 
Жиын барысында жер қойнауын пайдаланушы бірқатар жергілікті компания өкілдері, оның ішінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басқарма төрағасы У Линьган, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС бас директоры Есен Қайыржан атқарылып жатқан шаралар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. 

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ
24 шілде 2018 ж. 255 2

Гость JeaKeenny от 17 ақпан 2019 19:55
Trusted Site For Generic Cialis Metronidazole For Purchase viagra online prescription Mejor Que Priligy

Гость JeaKeenny от 8 наурыз 2019 13:53
Cialis Viagra Assuefazione Primatene Tablets Discontinued cialis Lloyds Pharmacy Propecia Overnight Cialis Delivery Orlistat Used

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Спорт

ЖЕРЛЕСТЕРДЕ ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
22 маусым 2019 ж. 21

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930