» » «Қайсар» командасына тағы бір шабуылшы келді

«Қайсар» командасына тағы бір шабуылшы келді

Қызылорданың «Қайсар» командасына жаңа шабуылшы келді. Қазақстандық жанкүйерлерге есімі жақсы таныс Игорь Зенькович енді қызылордалық клубтың намысын қорғайтын болады.
Биыл 30 жасқа толған форвард Беларусьтің Минск қаласының «Олимпик» командасының түлегі. Сол елде Борисовтың БАТЭ, Минскінің «Дарида» және «Динамо», Могилевтің «Днепр», Түркияның «Элязыгспор» клубтарында ойын көрсетті. Қазақстанда «Ақжайық», «Шахтер», «Ақтөбе», «Тобыл», «Тараз» және «Атырау» командаларының жейдесін киді. Былтыр «Ақтөбе» командасының сапында 30 ойында 9 гол соқты. Үстіміздегі жылы «Атырау» сапында 15 ойында 2 голдың авторы атанды.  Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 147 ойынға қатысып, қарсыластар қақпасына 49 гол соқты. Игорь Зеньковичтің қазақстандық азаматтығы да бар. «Биыл «Қайсар» тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетіп келеді. Сондықтан алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз. Сол мақсатқа жетуге күш саламыз», - деді Игорь Зенькович.  «Қайсарға» бұдан бұрын  Петропавлдың «Қызылжар» командасынан сербиялық шабуылшы Братислав Пуношевац келген еді. Ал командадан мартиникалық шабуылшы Йоанн Аркин кетті. «Қайсар» Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде турнир кестесінде 21 ұпаймен 8-орында келеді. Қызылордалық клуб 28 шілдеде өз алаңындағы 20-турда Петропавлдың  «Қызылжар» командасын қабылдайды.
25 шілде 2018 ж. 535 3

Гость JeaKeenny от 11 ақпан 2019 19:04
Alcohol Cephalexin Interaction Cephalexin No Prescription Dogs cialis for sale Cialis E Coumadin V Gel Reviews

Гость JeaKeenny от 4 наурыз 2019 00:38
Viagra Prix Pharmacie Ordonnance Intolerance Amoxil Propecia Tabletas Venta cheapest cialis Amoxicillin Lab Faq Citalapram With Out Prescription

StevEntipt от 8 мамыр 2019 15:39
Purchase Synthroid 88 Mcg Baclofene Douleur Diflucan Over The Counter Alternative http://truthaboutstaininggrid.com Xenical En Suisse

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031