» » Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильм түсіріледі

Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильм түсіріледі

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Жеңімпаз» атты (жұмыс атауы) киножобаның қорғалымы өтті. Бұл отырыста фильмнің шығармашылық тобы атқарған жұмыстары туралы және түсірілімге дайын екенін жеткізді.
Картинаның сценарий авторы әрі қоюшы режиссері – жүзден астам деректі фильмнің авторы Бақыт Қайырбеков.
Аталған спорттық драма Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.
«Бұл көркем фильм жанрында түсіргелі отырған менің алғашқы туындым. Картина 48 кг салмақтағы Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ – Жақсылық Үшкемпіров туралы. Ол түрлі мемлекет дәрежесіндегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінсе де, спортшыға халықаралық ареналарға шығуға мүмкіндік бермеген. Тек 1980 жылы ғана ол Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алып, әлемдік деңгейде өнерін көрсете алды. Фильм Оңтүстік Қазақстан ауылдарының бірінде дүниеге келген спортшының балалық шағынан бастап, бүкіл Кеңес одағы қошеметпен қарсы алған палуанның Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолын бейнелейді», -деді фильмнің режиссері Бақыт Қайырбеков.
Қатарында кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов, кинодраматург Смағұл Елубай бар «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңес мүшелері алдында түсірілім тобы көрме ұйымдастырған. Онда фильмде қолданылатын реквизиттер мен совет одағы дәуіріндегі спорттық костюмдер қойылған. Эксперттік кеңес алдында сөз алған фильмнің бас продюсері Тасболат Мерекенов түсірілімдер Өскемен, Талдықорған, Алматы және Алматы облысында жүретіндігін айтты. Сонымен қатар, кей сахналар Беларуссияда өтетінін де хабарлады. Айта кетелік, фильмнің түсірілім жұмыстары шіледің 29 басталып, қыркүйектің соңына дейін жалғасады.
27 шілде 2018 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 70
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031