» » Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигі қайта байланысқа шықты

Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигі қайта байланысқа шықты

«Энергия» Ресей зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары 26 желтоқсан күні Байқоңырдан ұшырылған «Ангосат-1» спутнигімен қайта байланыс орнатты, деп хабарлайды dw.com сайты. Мамандар бірнеше күннен бері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен штаттық режимде ұшырылған «Ангосат» ғарыштық аппаратымен байланыс орната алмаған еді. Олар мұны хабарлағыш, цифрлық есептеуіш машина немесе батарея аккумуляторларының дұрыс жұмыс істемеуімен байланыстырды. Кейін Ресей зымыран-ғарыш корпорациясы спутникпен байланыс орнатып, одан телеметрия алғанын хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, 26 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен «Ангосат» ғарыштық аппаратының штаттық режимде ұшырылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
«Ангосат» ғарыштық аппараты - Ангола Республикасы және бүкіл Африка континентін C- және Ku-диапазондар жиілігінде теледидармен қамтамасыз ету үшін құрастырылған геостационарлық спутник. Аталған аппарат Ангола Республикасы Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорация» Бұқаралық акционерлік қоғамымен жасалынды. «Ангосат» ғарыштық аппаратының белсенді жұмыс істеуінің кепілді мерзімі - 15 жыл, оның салмағы - 1 685 кг.
29 желтоқсан 2017 ж. 977 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930