» » Облыс орталығына қарасты саяжайларда кешенді профилактикалық шаралар өтті

Облыс орталығына қарасты саяжайларда кешенді профилактикалық шаралар өтті

Қызылордалық полицейлер қалаға қарасты Пищевик, Ягодка, Дружба, Строительная саяжайларына рейдтік тексерулер жүргізуде. Аталған іс-шараға 42 қызметкер және 6 автопатруль жұмылдырылды.
Іс-шараның басты мақсаты- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жерінен ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.
Жыл басынан аталған саяжайларда бірнеше рет қысқа мерзімді іс-шаралар өткізілді. Дегенмен, полиция қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жалғастырып жоғарыда аталған саяжайларда 149 үйді аралап, тұрғындармен кездесіп учаскелік полиция инспекторлардың визиткалары таратылды. Қалған тексерілмеген үйлер алдағы уақытта тексеріледі.
Іс-шара кезінде автопатрульдер рейд жүргізу барысында 6 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (қоғамдық орындарда масаң күйде жүру) 4 дерегі, 608 – бабымен (автокөлікті масаң күйде басқару) 1 дерегі, 612 – бабымен (автокөлікті құжатсыз басқару) 1 дерегі анықталып, құқық бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылды. Сонымен қоса, ІІО-да тіркеуде тұрған 4 аңшы мылтығы бар қару иелері мекен –жайларынан тексерілді. ІІО-да есепте тұратын 8 тұлға тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Алдағы уақыттарда да саяжайларға кешенді рейдтік жұмыстар БАҚ өкілдерін тарта отырып жалғастырылады.
08 тамыз 2018 ж. 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930