» » Қазақстан xалқының санын онлайн режимде көруге болады

Қазақстан xалқының санын онлайн режимде көруге болады

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті xалық санының есептеуішін іске қост. Енді, комитеттің ресми сайтында Қазақстан xалқының нақты санын онлайн режимде көріп отыруға болады. Аталған жүйеде туу, өлім, шетелден келу мен шығу сияқты көрсеткіштер автоматты түрде ескеріледі. Халықтың санын жынысына қарай бөлуге де болады. "Бұған дейін біз Қазақстан xалқының есептеуішін іске қосамыз деп айтқан едік. Міне, бүгін осы жобаны таныстырып отырмыз. Оған алты айдай уақыт кетті. Бюджеттен ақша жұмсалған жоқ. Барлығы комитет қызметкерлерінің өз қолымен жасалды", - деді комитет төрағасы Нұрболат Айдапкелов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Онлайн есептеуіштің мәліметіне сәйкес, Сағат 11:25-те Қазақстан xалқының саны 18 391 992 адамды құрады. Айта кетейік, бүгінде xалық санының есептеуіші АҚШ, Ресей, Қытай және басқа да мемлекеттерде бар. Алайда қазақстандық есептеуіштің басты артықшылығы сол, ондағы деректер ай сайын жаңартылады. Алдағы уақытта xалық санын аймақтар бойынша көрсету көзделіп отыр.  


07 қаңтар 2018 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930