» » «ЖАЛАҒАШ ЖАРШЫСЫНДА» ЖАҢА БАСШЫ

«ЖАЛАҒАШ ЖАРШЫСЫНДА» ЖАҢА БАСШЫ

   Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті бас редакторының міндетін атқарушы болып Батырбеков Әзиз Жұмаділдаұлы тағайындалды.
Әзиз Батырбеков 1983 жылдың 6 желтоқсанында Шиелі ауданында өмірге келген. Қазақстан-Ресей университетінің түлегі, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының иесі. Еңбек жолын Қызылорда гуманитарлық заң колледжінде оқытушы, 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында мұғалім, Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ҚР ТЖМ Астана қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті АҚЖҚ мекемесінде «Мемлекеттік тілді дамыту және аударма» бөлімінің бастығы, Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінде тілші және облыстық «Сыр бойы» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
Отбасылы, екі ұл, екі қыздың әкесі.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Бірнеше рет аудан, облыс әкімінің алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Құрмет» грамотасын, 2015-2016 жылдардағы сайлауда белсенділік танытқаны үшін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.
Мақалалары облыстық және республикалық басылымдарда жарық көріп келеді. Өлеңдері мен очерктері және ғылыми-танымдық мақалалары бірнеше жинақтар мен кітаптарға енген.
08 қыркүйек 2018 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930