» » Сірке қышқылының пайдасы

Сірке қышқылының пайдасы

  Сірке қышқылы – спирттік сұйықтықтардан сірке қышқылын өндіру тəсілі мыңдаған жылдар бұрын белгілі болған еді. Гректер мен римдіктер сірке қышқылын құлдарға қарқындылық күшін беретін жəне шөлін басатын сусын ретінде қолданған. Ерте Грек жəне Рим тұрғындары бұл сусынды шараптың бетін ашып қойып алған болатын. Мұндай қолданысты олар орта ғасырларға дейін жасап келді. Тұрмыстық жағдайда  сірке қышқылының көптеген пайдасы бар. Төменде соларыдың бірнешеуін беріп отырмыз. 
● Қаламмен сызылған қабырғаны таза сірке қышқылымен сүртсеңіз із қалмайды. 
● Сірке қышқылы киімдерді жуғанда өте пайдалы. Мысалы, кір жуу машинасының соңғы шаю басқышында 50 мл сірке суын қосып жіберсеңіз, киімдеріңізде сабын ізі қалмайды. Әсіресе, қара түсті киімдерде сабын ізі жиі қалып қояды. Сірке суы мұндай мәселелердің туындауына жол бермейді. 
● Киімдеріңізді қолмен жуғанда ыдысқа аздап сірке суын қоссаңыз иіссулардан қалған дақтардың ізі қалмайды. 
● Егер киіміңіздің түсі жуғанда кетіп қалады деп қорықсаңыз оларды жумас бұрын біраз уақыт сірке қышқылы мен сода қосылған суға салып қойыңыз. Сонда киімдердің түсі жақсы сақталады.
 ● Айна мен терезелерді жуғанда химиялық сұйықтықтардан гөрі сірке қышқылы көп көмектеседі. 
● Никель ыдыстарыңызды айнадай жарқыратқыңыз келсе сірке қышқылымен сүртіп тұрыңыз.
 ● Дастарқаныңыз ұзағырақ қызмет етсін десеңіз, сірке мен сүт қосындысынан тұратын сұйықтықпен сүртіңіз.
 ● Сүйелден тез арылғыңз келсе, алма сірке қышқылы мен глицерин араласқан сұйықтықты қолданыңыз. 
● Еден, линолеум, ламинат, кафель тазалағанда 1 шелек суға 1 стакан сірке қышқылын қоссаңыз едендегі дақтар көп күш салмай тез кетеді. 
● Жұмыртқа қайнатқанда сірке қышқылын қолдансаңыз, жұмыртқа қабығы жарылмайды.
16 қыркүйек 2018 ж. 17 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

№ 36 (261)

06 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930