» » "Ішімдікке салындым - өлгім келді": Илья Ильин ағынан жарыла сұхбат берді

"Ішімдікке салындым - өлгім келді": Илья Ильин ағынан жарыла сұхбат берді

 Sports True бағдарламасына берген сұхбатында Илья Ильин спорттан шеттелген соң қалай қайтып келгені, Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы және басқа да оқиғалар жайында айтып берді. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Илья Ильин. Фото: prosports.kz
- Көп іштім. Қасымда үнемі ішімдік болатын. Шөлмек түбінен жеңілдік таптым демеймін. Өмірге кедергі еді. Ішімдікке салынғаным ата-анама жайсыз тиді.
Менен наградалар қайтарылатыны туралы жаңалық шыққанда... Өлгім келді. Қонақүйде үш күн жатып іштім.
Былтыр жыл басында Израильге бардым, сол жерде өзіме келдім", - деген Илья допинг дауы туралы "барлығын айта алмайтынын" алға тартты. 
"Қазір бәрін айтып отырған жөнсіз деп есептеймін. Кейінірек бүге-шүгесіне дейін ашып айтармын.
Үлкен спортта жасалған қуғынға менің кінәм жоқ. Мен тең дәрежеде ойнадым.
Ешбір спортшы бетіме қарап, жеңіске арам жолмен жеттің деп айта алмайды", - дейді ол.
16 қыркүйек 2018 ж. 17 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

№ 36 (261)

06 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930