» » Төреғалидың басы даудан арылмай тұр

Төреғалидың басы даудан арылмай тұр

   Ақтөбе қаласындағы концерттердің бірінде сахнаға жантая кетіп әжеймен бірге суретке түспек болған Төреғалидің басы тағы да дауға қалды.
Басы даудан арылмайтын Төреғали қоғамға қатты өкпелі көрінеді. Айтуынша, шет аймақтардағы ән кештерінде жұлдызды аяқтан шалғысы келетіндердің қарасы көбейген. Өткен жылдың соңында керекулік қариямен ерегескен әнші бұл жолы ақтөбелік әжеге қатысты әңгіменің шетін шығарды.
Хитмен халықпен қауыша қалса, хейтерлердің құрығына ілінеді екен. Жайсыз жағдайлардың бірі Ақтөбеде болған.
"Ақтөбенің сахнасы биік екен. Апа суретке түсе қояйын деп жаныма келді. Сахнаға отырсам басым бұтымның арасына кіріп кетеді екен. Болмаған соң жантайып жаттым. Кейін апаны құшақтадым. Осыдан кейін "Төреғали Ақтөбеге келіп сахнада жатты" дегенді шығарып алыпты. Сонда ана апа мен суретке түсу деген қайда қалды?" — деп ашуланды әнші НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
25 қыркүйек 2018 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930