» » Ауа-райы: Жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады

Ауа-райы: Жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады

   Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидромет ақпаратынша, батыс облыстарына жауын-шашын әкелген атмосфералық ағымдар шығысқа қарай ығысады. Соның әсерінен солтүстік өңірлерде жаңбыр жауады. 
"Қазақстанның қалған аймағында ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Сондықтан мұнда күн ашық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста температура көтеріліп, солтүстік пен орталық облыстарда күн аздап суытады деп болжануда", — делінген хабарламада.
Қазгидрометтің мәліметінше, қыркүйектің үшінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады.
Басқа күндері ауа температурасы аз уақытқа көтеріледі: солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстікте 23…30 градусқа дейін болады.
Сөйтіп, қыркүйекте орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан 1°С жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С төмен, ал басқа өңірлерде норма шамасында болады деп болжанып отыр.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
26 қыркүйек 2018 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031