» » Мемлекеттік қызметкерлерге "7-20-25" бойынша баспана алу үшін миллион теңгеден беріледі

Мемлекеттік қызметкерлерге "7-20-25" бойынша баспана алу үшін миллион теңгеден беріледі

   "7-20-25" бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін кем дегенде 50 мың дана тұрғын үй сертификаттары шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Баспана" Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұйымдағылардың мәліметінше, қазақстандықтарға жылдың соңына дейін 10 мыңдай сертификат тапсырылады. "7-20-25" сертификаттары бюджеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаны едәуір жеңілдету мақсатында әзірленіп отыр. Сертификаттарды қала және облыс әкімдіктері өз тұрғындары арасында үлестіретін болады. "Елбасы жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотеканың алғашқы жарнасын субсидиялау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы мәлімдегендей, мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да жергілікті өңірлерге қажетті мамандық иелері үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыра түспек. Біз "Нұр Отан" партиясының қолдауымен алғашқы жарнаны азайту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Және аталған шаруаны қызу дөңгелетіп, осы аптадан бастап әр өңірлерде "7-20-25" сертификаттарын бере бастаймыз", - деді

 "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков. "7-20-25" сертификатының орташа номиналы - 1 миллион теңге. Демек, жергілікті атқарушы органдар тарапынан "7-20-25" бағдарламасына қатысуды ынталандыру үшін кем дегенде 50 миллиард теңге бөлінбек. Еске сала кетейік, қыркүйек айында "7-20-25" бағдарламасы аясында алғашқы жарнаны арзандату мақсатында "Жас арман" мен "Қамқор баспана" өнімдері әзірленіп, олар өңірлерде іске асырыла бастаған еді. Енді өнімдер біріктіріліп, алғашқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік жұмыс "7-20-25" сертификаттары аясында кеңінен жүргізілмек.
08 қазан 2018 ж. 182 2

Гость JeaKeenny от 23 ақпан 2019 15:13
Cialis 50 online pharmacy Levitra Purchase Uk Keflex Pipe Expansion Loops Zithromax Gout

Гость JeaKeenny от 12 наурыз 2019 17:19
Viagra Limbiate Levitra Im Preisvergleich Super Viagra Plus cialis Buy Doxycycline Hyclate 100mg Acne Cephalexin For Felines Propecia Uno De 50

PDF нұсқалар мұрағаты

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

22-299

30 мамыр 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930