» » Тосынсый әзірлеген әкім көпшілікті таңқалдырды

Тосынсый әзірлеген әкім көпшілікті таңқалдырды

   Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатарына тосын сый жасады. Әкім бұл мерекеде бірінші кезекте өз анасын құттықтағанын айтып берді.
"Өздеріңіз білесіздер, мен анамның мұғалім болғанын үнемі айтып келемін. Кеше өзім хабарласып құттықтадым. Бір қуанып қалды, негізі күнде көріп жүр ғой. Сіздерге сәлем айтып жатыр. Ол кісі қазір Сарыағаштағы үйде демалыста", — деп әңгімесін бастаған Ғабидолла Әбдірахымов мұғалімдердің кез келген адамзат үшін алар орны ерекше екеніне тоқталды.
"Әрбір адамның өмірінде ұстазы болады. Ол, әрине, алдымен анасы. Кейін балабақшадағы тәрбиешісі, мектептегі ұстазы, жоғары оқу орнындағы оқытушысы. Тіпті адам жұмысқа орналасқанда да бағыт-бағдар беретін ұстазы болады. Сондықтан мұғалімдер күні барлық адамзат үшін маңызды күн… Жұма күні елбасымыз өзінің халыққа кезекті жолдауын жолдады. Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде педагогтардың статусын арнайы заңмен анықтау туралы мәселе көтерді. Осы бойынша біз ұсыныстарымызды үкіметке жібереміз. Оны, әрине, өздеріңізбен ақылдасатын боламыз", — деді Шымкент басшысы.
Салтанатты шара кезінде 19 мұғалімге қала әкімдігі тарапынан "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеңілдікпен несиелеуге арналған алғашқы сертификат табысталды. Яғни, әкімдік олардың әрбіріне тұрғын үйдің бастапқы жарнасының 10 пайызын төлейді. Осындай сыйлыққа ие болғандардың бірі – 15 жылдан бері ұстаздық жолда еңбек етіп келе жатқан №50 мектеп мұғалімі Әсем Тұралиева. 35 жастағы келіншек төрт баланың анасы. Осыдан алты жыл бұрын баспана алу үшін кезекке тұрған. Ал былтырдан бастап "Тұрғын үй жинақ банкі" арқылы шот ашып, ай сайын шамасының келгенінше қаржы құйып келіпті. Әкімдіктен берілетін сертификат туралы Әсем мүлдем білмедім дейді.
"Маған сертификат берілетін күні қалалық білім басқармасынан хабарласып, мерекелік шараға міндетті түрде қатысу керектігімді айтты. "Не үшін?" деп сұрағанымда, "Әкім құттықтайды" деді. Шыны керек, менің аты-жөнімді айтып, сахнаға шақырғанда төбем көкке жетті. Алғашында не сыйлық екенін білмедім. Кейін әкімдіктегілер түсіндіріп берді. Қатты қуандым. 11 жыл болды тұрмысқа шыққаныма. Ата-енемнің қолында тұрамыз. Бізден бөлек қайын ағам отбасымен тұрады. Осы ретте қала әкіміне ерекше алғысымды білдіргім келеді", — деді мұғалім. 
Айта кетейік, кәсіби мереке қарсаңындағы шарада сертификаттан бөлек  бірқатар ұстаздар қала әкімі атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.

Дереккөз: https://sputniknews.kz
10 қазан 2018 ж. 170 1

Гость JeaKeenny от 18 ақпан 2019 15:27
Lasix Price Brand Viagra Shipped Overnight From Usa Tretinoin Without A Prescription Canada tadalafil cialis from india Soit 20mg Du Principe Actif Tadalafil Un Inhibiteur De La Pde

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 07 (284)

14 ақпан 2019 ж.

№ 06 (283)

07 ақпан 2019 ж.

№ 05 (282)

31 қаңтар 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728