» » Аса қауіпті қылмыстық топ ұсталды

Аса қауіпті қылмыстық топ ұсталды

  Қылмыстық топ осы жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасап, оның қыруар қаражатын иемденіп кеткен еді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Алматыда аса қауіпті қарулы ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 қазанда Алматы қаласында ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысының тұрғыны К. Әлиев жетекшілік еткен аса қауіпті қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеп, жолын кесті.
"ҰҚК "А" арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен жүргізілген арнайы операция кезінде қылмыстық топтың жетекшісі К.Әлиев пен топтың бес белсенді мүшесі – Т.Әлиев, А. Дартаев, Д. Терешин, С. Дидик және Ж. Қалтай ұсталды", —делінген хабарламада.
Анықталғандай, қылмыстық топтың негізгі құрамы құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінен құралған. Олар осы жылдың 13 қыркүйегінде Жамбыл облысының Отар станциясында кәсіпкер Р. Агагуллинге қарақшылық шабуыл жасап, оның 107 мың доллар, 4 миллион рублі мен 23 мың еуросын алып кеткен еді.
"Тінту кезінде ұсталғандардан 8 тапанша мен мылтық, 140 дана оқ-дәрі, радиостанциялар, жалған автомобильдік тіркеу белгілері, матадан жасалған бетперделер, кісендер мен қарақшылық шабуыл жасауға арналған басқа да құралдар тәркіленді", — деп хабарлады ҰҚК. 
Қазіргі таңда жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: https://sputniknews.kz
13 қазан 2018 ж. 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 07 (284)

14 ақпан 2019 ж.

№ 06 (283)

07 ақпан 2019 ж.

№ 05 (282)

31 қаңтар 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728