» » ОЛИМПТЫ БАҒЫНДЫРҒАН БОЗБАЛА

ОЛИМПТЫ БАҒЫНДЫРҒАН БОЗБАЛА

   Ел спортының тарихына тағы бір медаль тіркелді. Мұны байдарка және каноэде есуден Диас Бахраддин еншіледі.
Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиада ойындарында қызылордалық Диас Бахраддин байдарка және каноэде есуден алтын медальды иеленіп, еліміздің Әнұранын шырқатты. Каноэ бірлік бәсекесінде сынға түскен Диас іріктеу кезеңінде мәреге екінші болып келсе, ширек финалда украиналық спортшыны артта қалдырды. Ал жартылай финалда ол венгриялық спортшыдан озып, финалда өзбек спортшысымен түскен таласта 1:54.66 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді. Диас Бахраддин қазіргі таңда Қызылорда облысы Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 11-сыныбында оқиды. Байдарка және каноэде есуден ҚР спорт шебері. Ол бұған дейін 2 дүркін ел чемпионы, күміс және бірнеше мәрте қола жүлдегері болса, биыл Испанияда өткен лицензиялық халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Диасты жарысқа Мұхитдин Миербеков пен Диана Хазиева дайындады.
Жалпы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына облыстан 3 спортшы қатысты. Аталмыш спорт түрінен Эльнура Нұрланова, жеңіл атлетикадан Галина Панасенко бар. Эльнура Нұрланова каноэ есу жарысында үздік төртікке кірсе, жеңіл атлетикадан Галина Панасенко шеберлігін шыңдады.
18 қазан 2018 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031