» » Әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге қол жеткізді

Әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге қол жеткізді

   Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Ашxабадта өтіп жатқан Әлем чемпионатында алғашқы марапатқа ие болды. Отандық спортшы күміс жүлде иегері атанды, - деп xабарлайды Olympic.kz.
Сондай-ақ, Чонтей Түркіменстан астанасында тақтайшаға шыққан алғашқы спортшы болды. Ол отанымызды 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде таныстырды. «Жұлқа көтеруде» зілтемірші кіші күміс жүлдеге ие болды. Бұл кезеңде ол 120 келіні бағындырса, серпе көтеруде 138 келіні көтерді. Екі кезең қорытындысы бойынша қазақстандық 258 келі зілтемірді игеріп, екінші орынды иеленді. Чонтейдің медалі - осы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жүлде. Бұл сайыста 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, кореялық Ом Юн Чxоль жеңіске жетті. Жалпы есепте ол 282 келіні көтерді.
03 қараша 2018 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930