» » Димаш танымал композитормен дуэт орындап тарихта қалды

Димаш танымал композитормен дуэт орындап тарихта қалды

   "НТВ" телеарнасында Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой дуэт орындады. Өнер көрсетіп болғаннан кейін белгілі композитор қазақстандық әншінің Ресейдегі жетістіктеріне болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "НТВ" телеарнасындағы "Центральное телевидение" бағдарламасында қазақстандық әнші "Любовь уставших лебедей" әнін орындады. Әнді оның авторы, ресейлік белгілі композитор, Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой сүйемелдеді.    

 "Біздің маэстро Игорь Крутоймен "НТВ" телеарнасындағы "Центральное телевидение" бағдарламасындағы алғашқы дуэтіміз", - деп жазды Димаш Instagram парақшасында. Реклама 12 Композитор өнер көрсетіп болғаннан кейін сахнада тұрып "ол (Димаш - Авт.) ресейлік тыңдарманды баурап алады", деп мәлімдеді. "Бүгінгі күн Димаштың өмірлік тарихына кіреді деп ойлаймын, ол ресейлік тыңдарман қауымды баурап алады", - деді Игорь Крутой. "Менің тәлімгерімнің осындай екенін ескерсек, маэстро, онда барлығы жақсы болады деп ойлаймын", - деп жауап берді Димаш Құдайберген.
12 қараша 2018 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031