» » Жақсы жобамен –жарқын болашаққа

Жақсы жобамен –жарқын болашаққа

Қызылорда облысының жастар саясат мәселелері басқармасының «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры «Жақсы жобамен –жарқын болашаққа» бизнес-жобалар байқауы өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты ауыл жастарының өмір сүру белсенділігін арттыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, жастардың бойында кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мақсатында және бизнес жобаларының қолдау тауып кетуіне үлес қосу. Байқауда әділ қазылар мүшесі яғни «Атамекен» ҰҚП облыстық филиалы Фархад Әбжаппаров  пен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан Шолпан Үндербаева қатысты. Байқауға  9 жоба өтінім тапсырылды. Нәтижесінде Айдарлы ауылының Бекенов Әкежанның, Аманкелді ауылының Жамбыл Шапағаттың, Түгіскен ауылының Саймбетов Орынбасардың жобалары үздік деп танылды. Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жобаларға бағалы сыйлықтармен дипломдар табысталды және белсене қатысқан үміткерлерге алғыс хат табысталды.
05 желтоқсан 2018 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31