» » ЕУРО-2020: БӘСЕКЕНІҢ БИІГІНЕ ШЫҒА АЛАМЫЗ БА?

ЕУРО-2020: БӘСЕКЕНІҢ БИІГІНЕ ШЫҒА АЛАМЫЗ БА?

  Ирландия астанасы Дублинде футболдан Еуропа чемпионатының іріктеуіне жеребе тарту рәсімі өтті. Ұлттар лигасы топтық кезеңі аяқталғаннан кейін еуропалық 55 құрама рейтинг бойынша орналасқан. Бұл ретте Қазақстан бесінші себетке түсіп, жеребеге сәйкес I тобында доп тебеді. Бұл топта Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Сан-Марино құрамалары бар. Еуропа чемпионатына топтан бірінші және екінші орын алған командалар жолдамаға ие болады. Жалпы саны 20 жолдама тарату көзделген. Қалған төрт орын Ұлттар лигасы арқылы ойнатылады. Құрлықтық чемпионатқа іріктеу ойындары 2019 жылдың 21 наурызында басталмақ.  Ұлттық құраманың ұлттар лигасындағы сүреңсіз ойыны бұл біріншілікте қайталанбайтын көрінеді. Стойлов бапкер жеребеден кейін топтан үшінші орынға жайғасуға болатынын айтқан-ды. Сөзіне берік бапкердің айтқаны қисынға келетіндей. І тобына зер салсақ Бельгия мен Ресейден өзгесінің барлығынан ұпай еншілеуге болады. Тіпті көршілес құраманы да сан соқтырып кетуге жерлестердің қауқары жетеді. Бұлай деуіміздің себебі бар. Үш жыл бұрын Мәскеуге біздікілер қонаққа барып, тең нәтиже көрсеткен. Сол ойында ресейліктер жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалып, көп қателік жіберген болатын. Сондықтан, мұндай сәттер қайта келетін болса, Станимирдың шәкірттері кешіре қоймасы анық.
 Дублинде тартылған жеребеге құрама футболшыларының пікірін әлеуметтік желінің көмегімен сұрадық. Алдымен Сыр саңлағын сөзге
тарттық.
Думан НӘРЗІЛДАЕВ, "Қайсар" командасының капитаны:
– Еуро бәсекенің жеребесі біз үшін сәтті болғандай. Бельгиядан басқасының барлығы терезесі тең құрамалар.  Құдай қаласа, алаңда қызық ойындар күтіп тұр. Барлығы оңай болмайды. Сондықтан әрбір ұлттық құрама ойыншысы өз күшін салады. Еуро бәсекеде жанашыр жанкүйерлерді қуантуға әзірміз.
Георгий ЖУКОВ, "Қайрат" командасының ойыншысы:
– Жеребе жолдас болды. Әрине, Бельгия құрамасымен ойын өте қиын, алайда қызықты болмақ. Бельгияда 20 жылдай тұрамын. Сол себепті бұл елдің құрамасына қарсы тұру мен үшін қуанышты сәт. Мені ол жақта жақсы таниды. Достарым да көп. Өз мансабымның Қазақстанда жақсы жалғасын тапқанын дәлелдеуге тырысамын. Қалған командалардың барлығынан ұпай алуға болады. Іріктеу турнирінің ойындарына дайынбыз.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы Еуропа чемпионаты 13 қалада өтеді. Айтулы доп додасын Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссель, Глазго және Санкт-Петербург қалалары қабылдайды. Жарыстың жартылай финалы мен финалы Лондонда өтеді.
А тобы: Англия, Чехия, Болгария, Черногория, Косово;
 В тобы: Португалия, Украина, Сербия, Литва, Люксембург;
С тобы: Голландия, Германия, Солтүстік Ирландия, Эстония, Беларусь;
 D тобы: Швейцария, Дания, Ирландия, Грузия, Гибралтар;
E тобы: Хорватия, Уэльс, Словакия, Венгрия, Әзербайжан;
F тобы: Испания, Швеция, Норвегия, Румыния, Фарерь аралдары, Мальта;
G тобы: Польша, Австрия, Израиль, Словения, Македония, Латвия;
H тобы: Франция, Исландия, Түркия, Албания, Молдова, Андорра;
I тобы: Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Қазақстан, Сан-Марино;
J тобы: Италия, Босния және Герцеговина, Финляндия, Грекия, Армения, Лихтенштейн
06 желтоқсан 2018 ж. 11 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31