» » ЕЛБАСЫМЕН КЕЗДЕСКЕН НҰРМҰХАММЕД

ЕЛБАСЫМЕН КЕЗДЕСКЕН НҰРМҰХАММЕД

   Арал ауданына қарасты Шижаға елдімекенде 3000 адам өмір сүреді. Соның ішінде ерекше атауға лайық – Махамбетжановтар әулеті. Бұл отбасының 3 ұлы емтиханға бір-бірін дайындап, Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алуға мүмкіндік алды. Ауылдан шыққан балалардың сәтті қадамы туралы өз аузынан есту үшін үйдің кенжесі әрі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрмұхаммед Махамбетжанды мектепке іздеп бардық.
Мектептің кіреберісінде екі күзетші құжатымызды, аты-жөнімізді сұрап, іштегі біз байланысқан баспасөз бөлімінен жауап келгенше кіргізбеді. Кейін анықтағанымыздай, бұл жақта бала қауіпсіздігі үшін осындай шаралар қатаң сақталады екен. Мектепке кіргеннен кейін де бір күзетші аты-жөнімізді қалың дәптеріне тіркеп, кімге келгенімізді қайта сұрады.
Мектептің қабырғасының жартысынан көбі терезе болғандықтан іші жап-жарық. Түрлі-түсті орындықтар, жеке зат қоюға арналған шкафтар, қабырғадағы түрлі картиналар басқа елдің мектебінде жүргендей әсер қалдырады.  Дәліздің бір қабырғасын бойлай қойған орындығы жоқ, бірақ парта секілді үстелдерге көзім түсті. Ақ жейде мен көк белдемше киген екі қыз кітап-дәптерін жайып, сабақ қарастыруда. Келесі қоңыр үстелде шахматтың шашылған мүсіндері жатыр. Бос уақытында балалар ойнаған болу керек деп пайымдадым. Қабырғада ілінген теледидарда бір шетелдік ағылшын тілінде 5G ғаламтор желісі туралы айтып отыр.
Үзілісте үйреншікті қоңыраудың орнына қазақша күй қойылды. Жанында жетекшісі бар Нұрмұхаммед ұялыңқырап қарама-қарсы отырды.
– Менің ағаларым осы мектепті бітірген, – деп сөзін мақтанышпен бастады.
06 желтоқсан 2018 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31