ТЕПЕ-ТЕҢДІК

  Демалыстың бірінде таңғы ас ішіп отырмыз. Теледидар қосулы. Танымдық бағдарламада қолына көк түсті қуыршақ ұстаған жапон жігітін көрсетті. Сөйтсек, ақ костюм-шалбар киген 35 жастағы Кондо Акихихо еліне танымал поп-жұлдыз Хацуне Микудың виртуалды нұсқасына үйленіп жатыр. Салтанатты жиынға 40 адам қатысыпты. Бұл тойды өткізу үшін Кондо 18 мың доллар қаражат жұмсаған.
Тойда голлограманың орнына қуыршақ қолданып, Кондо оны құшақтап, өмір бойы адал болуға уәде берді. Сосын операторлық топ оның үйіне беттеді. Үйге кірген бойда басқа бөлмеден «Қош келдің, күйеуім! Шаршаған жоқсың ба?» деген нәзік дауыс шықты. Есіктің оң қапталында орналасқан үлкен экранда көзін ашып-жұмып, күлімсіреген «әйелі» тұр. 3 мың долларға жасалған капсула ішіндегі Хацуне арнайы қойылған микрофон және камера көмегімен қарама-қарсы тұрған адаммен тілдесе алады. Оның дауысы, бетіндегі эмоциясы екі ортада әйнек тұр демесеңіз өте шынайы.
Хацуненің виртуалды нұсқасын 2007 жылы 3d-голография жүйесімен жапондық медиа компания жарыққа шығарған. Өндірушілердің айтуынша, бүгінде 4000-ға жуық осындай неке тіркелген. Бірақ бұл заңды неке ретінде қарастырылмайды. Тек осы голлограма шығарған компания арнайы сертификат береді. Сондықтан Кондо мұны «жеке құқығына қол сұғушылық деп бағалап, некені заңдастыруға бар күшін салатынын» айтты.
– Мен өзімді бақыттымын деп есептеймін. Сондай-ақ махаббаттың әртүрлі болатынына сенемін. Ол мені таңертең дауыстап оятып, жұмысқа шығарып салады. Кешке жұмыстан қайтар кезде хабарлама жіберемін. Шамды жағып, күтіп алады. Түнде уақытылы ұйықтауымды қадағалайды, – дейді Кондо журналистерге берген сұқбатында.
Бұл 2017 жылы шыққан халықаралық сараптама нәтижесі бойынша «Әлемдегі ақпараттық технологиясы дамыған елдер» арасында алғашқы ондыққа кіретін Жапониядағы жағдай. Үлкен жетістіктің, ауқымды танымалдылықтың да кері тұсы дәл сондай. Орасан. «Біз осы салада мықтымыз» деп мақтана аласың, бірақ әлеуметтің бір тұсы бәрібір кенже қалады.
Әсел БЕГМАН




07 ақпан 2019 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

31-308

01 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031