» » 2018 жылдағы Қазақстан спортындағы басты оқиғалар .

2018 жылдағы Қазақстан спортындағы басты оқиғалар .

   2018 жылы қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяда өткен ақ Олимпиада мен Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарына қатысты. Сондай-ақ, ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасында жас спортшылар намысты қолдан бермеді. Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин үшін 2018 жыл оңай болмады. Ал Денис Тен 25 жасында ұрылардың қолынан қаза тауып, әлем жұрты аза тұтты. Осы және өзге де Қазақстан спортындағы оқиғаларды назарларыңызға ұсынамыз.

Пхенчхан-2018
Могулшы Юлия Галышева Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Жүлдегерге ҚР Үкіметі 75 мың АҚШ доллары сыйақы берді.
Фристайлдың могул түрінен фаворит саналған Дмитрий Рейхард жүлдесіз қалды.
Осымен төртінші Олимпиадасына қатысқан шаңғышы Алексей Полтораниннің де жолы болмады.
Ал қысқы Паралимпиада ойындарында шаңғышы Александр Колядин алтын медальға ие болды. ҚР Үкіметі чемпионға 250 мың АҚШ долларын табыс етті.
Геннадий Головкин
2018 жылы 5 мамырға жоспарланған Головкин мен Канело арасындағы реванш өтпейтін болды. Сауль "Канело" Альварестің допинг сынамасынан тыйым салынған препарат табылып, жарты жылға бокстан шеттетілді. Көп күтпей Головкин жаңа қарсылас таңдап, 5 мамыр күні америкалық Ванес Мартиросянмен бокстасатынын хабарлады.
Головкин екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Қазақстандық бокшсы 38-жеңісіне жетсе, Ванес Мартиросян карьерасындағы 4-жеңілісіне ұшырады. Головкин бұл жекпе-жекте 19-рет WBA титулын, в 17-рет IBO және төртінші рет WBC титулын қорғады.
Алғашқы жекпе-жектен кейін араға бір жыл салып Головкин мен Альварес реваншы 15 қыркүйекте өтетін болды.
15 қыркүйек күні Головкин төрешілердің шешімімен кәсіпқой бокстағы карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты. Судьялар шешімі: 115:113, 114:114, 115:113. Үшінші жекпе-жек қашан өтетіні белгісіз.
Денис Тен
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхенчхан Олимпиадасында еркін бағдарламаға өте алмады. Себебі спортшыны жарақаты мазалап жүрген еді. Ол 9 маусымда Астанада "Денис және оның достары" дәстүрлі шоуын өткізді. Мәнерлеп сырғанау спортындағы әлемдік жұлдыздар мұз айдында өнер көрсетті. Бұл Денистің соңғы шоуы еді.
2018 жылдың 19 шілдесінде қазақстандықтар қара жамылды. Қапыда Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннен айырылып қалды. 25 жасында спортшы автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Денис Теннің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр.
Бүгінде Денис Тен атындағы қор жұмыс істейді. Қордың қолдауымен Астана және Алматы қалаларында D10 World көрмесі өтті. Көрмеге спортшының жеке заттары, өзі түсірген фотосуреттері, Денистің фотолары қойылды. Сондай-ақ, келушілер планшеттен Денис жазған әндерді тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
Жазғы Азия ойындары
Джакартада 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында жазғы Азия ойындары өтті. Қазақстан құрамасы Индонезиядан 76 медальмен оралды, оның 15 – алтын, 17 – күміс және 44 – қола. Жалпы есепте 9-орыннан көрінді.
Қазақстан құрамасы сапында алғашқы "алтынды" семсерлесуден Дмитрий Алексанин әкелді. Ол финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Пак Сан Енаны жеңді.
ҚР Үкіметі Азия ойындарында алтын медаль үшін – 10 мың АҚШ доллары, күміс – бес мың, ал қола – үш мың доллар табыстады.
Жазғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы 33 медальмен жалпы есепте 13-орыннан көрінді. Қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен 5 алтын, 15 күміс, 13 қола жеңіп алды.
Илья Ильин спортқа қайта оралды
Илья Ильиннің сынамасынан тыйым салынған заттар табылған соң екі жылға жарыстардан шеттетілген еді. 2018 жылдың 10 маусымында жаза мерзімі аяқталып, Илья Ильин спортқа оралатынын мәлімдеді.
Спортшы Токио Олимпиадасына қатысып, топ жаруды қалайтынын айтты. Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан ел біріншілігінде "алтын" алған ол әлем чемпионатына қатысатын болды. Алайда жарысқа аз уақыт қалғанда жарақаты барын айтып, чемпионатқа спортшы емес, бапкер ретінда баратынын мәлімдеді.
Жасөспірімдер Олимпиадасы
6-18 қазанда Буэнос-Айресте өткен Олимпиадаға Қазақстаннан спорттың 23 түрінен 58 спортшы қатысты. Жалпы есепте 10 медаль (алтын– 4, күміс– 3, қола– 3) алған Қазақстан құрамасы 14-орыннан көрінді. Сондай-ақ, Роза Абитова көркем гимнастикадан халықаралық аралас команда сапында өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды. Дзюдошы Бекарыс Сәдуақас халықаралық аралас сында «Лондон» командасымен бірге қола медаль алды.


16 желтоқсан 2018 ж. 255 2

Гость JeaKeenny от 26 ақпан 2019 07:07
Dose Amoxicillin Child Throat Express Ship Non Prescription Viagara http://kamxl.com Is Ephedraxin Like Vyvanse Amoxicillin 500mg Capsule Tev Achat De Viagra Cialis Canada

Гость JeaKeenny от 15 наурыз 2019 03:53
Achat Cialis Paris Viagra Apotheke Koln Propecia Hepatitis C viagra Cialis Depression Dose Of Amoxicillin For Tick Bite Clobetasol With Next Day Delivery

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031