» » Жаңа жылда тарифтың құны қандай болады?

Жаңа жылда тарифтың құны қандай болады?

  Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің әр өңірінде коммуналдық қызмет бағасы қалай өзгеретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 Вице-министрдің айтуынша, 1 қаңтардан бастап коммуналдық қызмет арзандайды. Оның ішінде cумен жабдықтау, су тарту,  электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және газбен жабдықтау сияқты қызмет түрлері бар. Ол коммуналдық қызметтер тарифінің төмендеуіне байланысты тұтынушылардың жалпы сомасы 27,5 миллиард теңге үнемдейтінін айтты. Жұманғарин аумағы 60 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерде үш адамнан тұратын отбасының түбіртегін мысал ретінде келтірді.

"Алматыда коммуналдық қызметке орташа есеппен 14 483 теңге төлейді. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл төлем орташа есеппен 13 128 теңге болады, яғни 1 353 теңгеге арзандайды. Осылайша, жылына шамамен 9 700 теңге үнемделеді. Астанада коммуналдық қызметтерге орташа есеппен ай сайын 10 660 теңге жұмсалады. 1 қаңтардан бастап ол 1 062 теңгеге арзандап, 9 604 теңге болады. Сонда жылына шамамен 9 000 теңге үнемдеуге болады", - деді Жұманғарин үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Коммуналдық қызметтерге айына 13 778 теңге төлеген шымкенттіктер 1 қаңтардан бастап 12 447 теңге төлейді.  

Қызылордада коммуналдық қызметтің орташа бағасы -  9 153 теңге, Жаңа жылдан кейін қызылордалықтар 8 288 теңге төлейді. Тариф мұнда 865 теңгеге арзандайды.

"Ақтөбеде коммуналдық қызметтерге айына 11 405 теңге төлейді. Келесі жылдан бастап тұрғындар орташа есеппен 10 336 теңге төлейді, яғни 1 068 теңгеге арзандайды. Өскеменде айына 6 654 теңге төлесе, 1 қаңтардан бастап коммуналдық қызметке 6 341 теңге төлейді. Сонда жылына шамамен 3 000 теңге үнемдеуге болады", - деді вице-министр.

 Таразда коммуналдық қызметтің орташа бағасы - 10 471 теңге. 1 қаңтардан бастап тараздықтар енді 9 665 теңге төлейді, яғни 806 теңгеге арзандайды. Осылайша, тараздықтар жылына 5 500 теңгедей үнемдейді. Оралда коммуналдық қызметтің орташа бағасы қазір -10 910 теңге. 1 қаңтардан бастап ол тарих 9 875 теңгеге өзгереді. Мұнда жылына 8 600 теңге үнемдеуге болады.

 Петропавл тұрғындары ай сайын орташа есеппен 10 857 теңгеге төлесе, енді олар 10 474 теңге төлейді. Петропавлда тариф 383 теңгеге арзандап отыр. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап еліміздің басқа 14 өңірінде де тариф 2,2 пайыздан бастап 15,3 пайызға дейін арзандайтыны айтылады. Жұманғарин кейбір тарифтердің желтоқсанда төмендегенін айтып өтті.

23 желтоқсан 2018 ж. 402 2

Гость JeaKeenny от 27 ақпан 2019 22:24
Healthy Men Viagra Offer Cheap Viagra Overnight Viagra Medication Online cialis price Comprar Cialis De Marca Viagra Kaufen Bremen Direct Generic Hydrochlorothiazide Medicine Cash Delivery Price

Гость JeaKeenny от 16 наурыз 2019 03:19
Amoxil Sur Levitra Prezzo Farmacia Levitra Prix France levitra sold over the counter Kamagra Pas Chere Forum Cantidad De Propecia

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031