» » электронды қызметті пайдаланушылар саны артқан

электронды қызметті пайдаланушылар саны артқан

BRIEFING
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы филиалының директоры Айдын Қайруллаев биылғы аймақ тұрғындарына көрсетілген қызметтер бойынша брифинг өткізді. Облыс бойынша Қызылорда облыстық филиалы құрамында 13 фронт-офис, 41 бэк-офис, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 741 мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамы мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіледі. Одан бөлек, қала халқының электронды қызметті пайдалану көлемі артты. Мәселен, өткен жылы «Connection point» арқылы 208 562 қызмет алынса, биыл бұл көрсеткіш 744 865-ке жеткен. Яғни 72 пайызға артқан.
 – Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық әкімдікпен бірлескен іс-қимыл жоспары негізінде филиал арқылы биыл 50 мыңға жуық адам цифрлық сауаттылық курсынан өтіп, сертификат алды. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы үш ЖОО-да студенттерге қызмет көрсету орталықтары ашылды. Филиал мамандары ондағы қызметкерлер үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырды. Сондай-ақ мемлекеттік корпорация ТМД елдері арасында алғашқы болып мемлекеттік қызметтердің проактивті қағидатын енгізді. Жоба іске қосылғаннан бастап облыс бойынша сәбилі болған 6300-ден аса анаға проактивті қызметтерді алуға SMS ұсыныс жолданды. Нәтижесінде 5 мыңнан астам туу туралы құжат рәсімделіп, 4 000 бала балабақша кезегіне тұрды. 2500-ден астам жәрдемақы тағайындалды, – деді филиал директоры Айдын Бөкенбайұлы.
Брифинг барысында филиалдың мамандандырылған ХҚО арқылы көрсетілген қызмет түрлері таныстырылды. Оның ішінде автокөлік иелеріне жағымды жаңалық көп. Атап айтар болсақ, электронды үкімет порталы арқылы 133 автокөлік тіркеліп, 2 мыңнан аса өңір тұрғыны жүргізуші куәлігін рәсімдеген. Сондай-ақ, автокөлігін тіркеуге келген азаматтардың бос жатқан көлік нөмірін және әріптік таңбаларды таңдауға мүмкіндігі бар. Оған қоса мемлекеттік корпорация жүктілікке, мүгедектік алуға, асыраушысынан айырылуына байланысты және зейнетақы тағайындау сияқты 43 түрлі әлеуметтік төлем бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
27 желтоқсан 2018 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930