» » ҰСТАЗ ЖАНДЫРА БІЛУ КЕРЕК

ҰСТАЗ ЖАНДЫРА БІЛУ КЕРЕК

Айнұр Мешітбайқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің докторанты:
  – Соңғы уақытта ерекше әсер еткен оқиғамен бөлісіңізші.
– «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында жұмыс істегеніме 19 жыл болыпты. Қараша айында оқу ордасының 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Еңбегі сіңген оқытушылар медальмен марапатталды. Соның қатарында мен де бармын деп, жетістігіммен мақтанып қояйын (күліп). «Білім беру үздігі» деген. Түрлі шаралар, байқаулар ұйымдастырдық. Соның ішінде есте қалғаны, ғимараттың 3-інші қабатында мәжіліс залы бар. Осы 19 жылда институт қабырғасында білім алған түлектермен кездесіп, сұқбаттастық. Барлығы жұмыс істеп, қоғамға кішкентай болса да үлесін қосып жатыр. Шәкіртіңнің өмірде өз орнын тапқаны – ұстаз үшін үлкен бақыт. Осы кездесу маған ерекше әсер етті.
– Жүріп өткен ғылыми жолыңыздың баспалдақтарын еске түсірейік. Алғашқы қадам немен байланысты еді?
– Мен 1977 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келдім. Балабақшада да, мектепте де орыс тобында болдым. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі физика-математика мамандығына оқуға түстім. Бастапқыда №23 мектепте жұмыс істедім. Кейін кәсіби жолым осы оқу орнымен тоғысты. Аллаға шүкір, отбасым, үш ұлым бар. Үлкенім Назарбаев Зияткерлік мектебін бітіріп, бүгінде Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университетінің грант иегері. Екінші балам 8 сынып, кенжем 1 сыныпта. 2008 жылы ғылыми математика бағыты бойынша магистратураға түстім. Жетекшім – Қоныс Арыстанбек еді. 2010 жылы магистр атандым. Бірақ ғылым жолы мұнымен аяқталған жоқ. Отбасы дедік, ата-енемізбен тұрамыз, оған қоса жұмыс бар. Сондықтан сыртта оқу мен үшін қолайсыз болды. Қуанышыма орай, 2017 жылы Қорқытта педагогика-психология бойынша докторантура ашылып, оқуға түстім. Докторантурада бір семестр оқисың, сосын жоғары оқу орындарына тәжірибеге жібереді. Бірінші жетекшім осы Қорқытта – Шарбан Мұсабекқызы, ал екіншісі Қазанда – Светлана Георгиевна. Шетелдік жетекшім Ресей Федерациясында болғандықтан, бір ай Қазан Федералдық университетінде тәжірибе жинауға мүмкіндік туды.
– Қазаннан алған әсеріңіз қандай?
– Ол жақта білім жүйесі басқаша. Бакалавриаттың орнына – специалитет, магистратура – аспирантура және докторантура. Сондай-ақ біз докторантурада 1 семестр оқысақ, олар 3 жыл оқиды. Үш жыл бойы диссертациялық жұмысының құрылымын, ғылыми жаңалығын жан-жақты зерттейді. Осы жағынан мен көп дүниені үйрендім. Жұмысыңның ғылыми жаңалығы көпшіліктің алдында қорғаған сәтте ешкімнің таласы болмайтындай нақты, әрі өзекті болуы шарт. Бір ай бойы III курс аспиранттарымен бірге жүрдім. Сондықтан сабақ барысында бір күні бір ғана жұмысты назарға алып, топ болып талдаймыз. Бұл әдіс жұмысыңа әр қырынан қарап, оны одан әрі шыңдауға көмектеседі. Дәрістің соңғысында жетекшім «Елестетіңіз, жұмысыңыз толық дайын. Қорғауға шыққалы тұрсыз. Дәл осындай оймен студенттер алдында жобаны қорғау керек» деді. Мен презентациямды әзірлеп, айтатын сөзімді дайындап, топтың алдында қорғап шықтым. Әрине қателіктер болды. Бірақ бұдан үлкен тәжірибе алдым. Себебі кіл мықтылардың алдына шығу, көпшіліктің алдында сөйлеу де ішкі психологиялық дайындықты талап етеді. Ол маған осыны жеткізгісі келді. Өйткені ресми қорғау күні есігін тарс жауып, қобалжығаннан үйінен шықпай қалатындар бар екен.
– Ал сізде көпшілік алдында сөйлегенде қорқыныш бола ма?
– Ұстаз болғандықтан уақыт өте көпшіліктің алдында сөйлеуге дағдыланасың. Жоғары математиканы қаншалықты жақсы білсең де, негізін қайталап тұру маңызды. Сол үшін тек институтта ғана емес мектепте де сабақ беремін. Сондықтан түрлі аудитория алдында сөйлеуге үйренгенмін. Бірақ қорғау күні қобалжу бәрібір болады. Оны жасыра алмаймын.
– Осы ретте докторантураға түсу емтихандары туралы айтып берсеңіз.
– Алдымен ағылшын тілінен емтихан тапсырасың. Егер IELTS сертификаты болса, балл деңгейі 5,5-тен жоғары болу керек. Одан кейін пән бойынша емтихан бар. Үш сұрақтан тұратын билет алып, комиссия алдында ауызша қорғайсың.
– Білуімше, грантта оқисыз. Негізі оқу ақысы қанша?
– Мен оқуға түскен жылы бір ғана грант бөлінген. Биыл, қателеспесем, екеу. Ақылы негізде де оқуға болады. Жылына 1 307 000 теңге.
– Бакалавриатпен бір деңгейде болып тұр ғой?
– Иә. Мәселен, балам оқитын университетте бакалавриат құны 1 800 000. Сондықтан бір деңгейде деуге келеді. Басқа қалада да докторантура бағасы осы төңіректе.
– Ғылыми жобаңыздың өзектілігіне келсек...
Тақырыбы – «Болашақ мұғалімдердің кәсіпкерлік құзіреттілігінің психологиялық-педагогикалық шарттары». Кәсіби құзіретті болу үшін мұғалім бойында қандай қасиеттер болуы керек және оны іс жүзінде қалай жүзеге асырады? Өзіңіз білесіз, қазір елімізде кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауда. Кез-келген адам мақсаты болса, жеке кәсіпкер болуға толықтай мүмкіндігі бар. Сондықтан болашақ педагогтарды дайындаған кезде оларға кәсіпкерліктің негізін үйрету маңызды. Себебі келешек кәсіпкерді тәрбиелейтін солар. Баланың бойында бизнеске икемін байқаса, оған дұрыс бағыт-бағдар бере алатындай дәрежеде болуы тиіс. Өзі де, мәселен, оқу орталығын ашқысы келсе, мемлекеттік қазынаға үлесін қосқысы келсе, мұндай білім артық етпейді.
– Сонда оны қалай жүзеге асырамыз?
Негізінде пән ретінде енгізу керек. Мен бұл бағытта жұмыс істеудемін. Диссертациялық жұмыста мідетті түрде эксперимент жасаймыз. Педагогика саласында білім алып жатқан екі топты аламын. Бірінші топқа кәсіпкерлік туралы сабақты енгіземін. Он бес апта бойы түрлі кәсіпкермен кездесу ұйымдастырып, оқушыға мотивацияны қалай беру керегін үйретіп, жалпы кәсіпкерлік негізіне шолу жасаймыз. Екінші топқа мұндай сабақ өткізілмейді. Соңында барлығынан сауалнама алып, мінез-құлығына, теориялық біліміне зерттеу жүргіземін. Яғни біз не ұтамыз? Осыны іс жүзінде дәлелдеу керек. Қазір мұны «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында таңдау пәні ретінде енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Докторанттарды оқытуда не нәрсе назардан тыс қалуда?
Біз бір семестр бойы түрлі пәндер оқыдық. Оны жаман демеймін. Бірақ өзіңнің ғылыми жобаңа байланысты нақты жұмыстар көбірек болса деймін.
– Адамның не гуманитарлық не жаратылыстану бағытқа икемі болады. Бірақ кейде есепті де керемет шығаратын, әдеби шығарманы да керемет жазатын баланы байқайсың. Сонда көбінде ол баланың білімінің астарында математикаға қызықтыра алған, әдебиетке баули білген ұстаз еңбегі тұрады. Жалпы осы екі тарапта да білімді баланы тәрбиелегім келеді деген жас мұғалімге не айтар едіңіз?
Білімсіз бала болмайды. Тек әрқайсысының қабылдау деңгейі әртүрлі. Ұстаз жандыра білу керек. Тақтада тұрып сөйлеген кезде жылағың келіп кететінде әсер алуың керек. Ондай ұстаздар бар. Өзім кездестірдім және ғылыми жолыма әсер еткен де солар. Ең бастысы бойында жанашырлық қасиет болу қажет. Алдыңдағы оқушының барлығына балаң сияқты қарап, болашағына жаны ашу керек. 20 жылдық кездесуге келген студенттердің көбісі апайларының айтқан кей сөзін әлі күнге дейін ұмытпаған. Сондықтан оқып жатқан, сабақ беріп жүрген жастарға айтарым, бәрі де өзіңе байланысты. Мәселен, кейбірі Қызылордада емес, Алматыда оқығанымда мықты маман болар едім деп ойлауы мүмкін. Бірақ адамның қандай да бір дәрежеге жетуі оқыған университетіне, жүрген жеріне байланысты емес. Ыбырай атамыз да лашықта оқып, әлемдік білім аренасына танылды ғой. Сондықтан ұмытпа, бәрі де адамның өзіне байланысты!
Әсел БЕГМАН
09 қаңтар 2019 ж. 104 2

Гость JeaKeenny от 23 ақпан 2019 00:35
Himplasia cialis 5mg best price Generic Methotrexate Overseas Pharmacy Generique Amoxicillin Pharmacie En Ligne En Germany

Гость JeaKeenny от 12 наурыз 2019 06:14
Propecia Side Effects In Girl Where To Buy Beta Blockers viagra Cialis E Anemia Viagra Per Lei Pillola Rosa Buying Levitra Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031