» » Лайық болғаныма қуаныштымын

Лайық болғаныма қуаныштымын

Асқар ЖЫЛҚАЕВ,
"Үздік студент – 2018" жобасының жеңімпазы:
– Алдымен өзіңізді таныстырсаңыз...
– Сырдария ауданында дүниеге келдім. Нағи Ілиясов ауылындағы №132 орта мектебінде білім алдым. Қызылорда медицина колледжінде оқыдым. Алғашқы еңбек жолым №6 қалалық емханада басталды. Қызылорда қаласында тұңғыш рет автокөлікті сусыз жуу бекетін аштым.
Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті «Биология» мамандығының 3 курс студентімін. Республикалық "Zhas Project" жобасының жеңімпаз атандым. «Alma»-көшірме орталығының жетекшісімін. "Тәуелсіздік символы – теңге: кеше және бүгін» ғылыми конференцияда және Қызылорда медициналық колледжінде оқып жүргенде «Үздік мейіргер – 2016»  байқауында І орын алғанмын. Сондай-ақ "Халықаралық химия жылы» аясында аудандық онкүндік іс-шарасында, «Сәйгүлік» интеллектуалды сайыста ІІ орын, «Төл тарихың – Тәуелсіздік туың» тақырыбындағы облыстық ғылыми-теориялық конференцияда ІІІ орын иелендім.  
– Үздік студент жобасына өзіңіз өтініш білдірдіңіз бе әлде өздері іріктеп алды ма?
– Жоба жайында әлеуметтік желі арқылы білдім. Осылайша қатысуға ниет білдірдім. Республикалық ЖОО-студенттері ішінде үздік деп танылып, оза шығу үлкен еңбекті талап етеді. Сол атқа лайық болуға тырысамын, одан кейінгі жауапкершілік жүгі тағы бар. Қазақта "Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер де көптік етпейді" демекші, барынша жан-жақты болуға тырысып жүрмін.  Бұл жетістік менің алға қарай ұмтылуыма қанат бітірді. Сондықтан осындай шаралар жалғасын таба берсе, нұр үстіне нұр болады.
– Жобаның мақсаты қандай? Қанша адам қатысты?
– "Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы" заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік студент» жобасына ғылым, өнер, спорт саласында  ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жетістікке жеткен студенттер қабылданды. Жоба қатысушыларына «Жас Қыран» республикалық үздік жастардың жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент – 2018» төс белгісі және Құрмет грамотасы берілді. Республикамыздың барлық оқу орындарынан 5 306 өтінім түскен екен. 180 өтінім іріктеліп, "Жас қыран" республикалық кітап жинағына еніп, "Үздік студент –2018" атанды.
– Құттықтаймыз сізді!
Иә, лайықты деген жастардың бірі болғаныма мен де қуаныштымын. Жастарды жігерлендіретін жобалардың көбейгені жақсы ғой.
Әңгімелескен Мөлдір САБЫРЖАН
10 қаңтар 2019 ж. 309 2

Гость JeaKeenny от 28 ақпан 2019 09:29
Walmart Viagra Price Zithromax For Sale Cialis Vente Libre levitra online pharmacy in usa Cialis 10 Mg Vademecum

Гость JeaKeenny от 16 наурыз 2019 11:13
Vente Viagra Kamagra http://kamagpills.com Achat Kamagra Cvs Ciallis Viagra Dure Combien De Temps

PDF нұсқалар мұрағаты

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

26-303

27 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031