» » Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтанов АҚШ-та мексикалықты нокаутқа түсірді

Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтанов АҚШ-та мексикалықты нокаутқа түсірді

   Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагамен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. 
Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетіп отыр. Бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты оқиғасы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Әшкеевтің жекпе-жегі он раундқа созылды. Нәтижесінде судьялардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас қорғайды. 

13 қаңтар 2019 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 02 (279)

09 қаңтар 2019 ж.

№ 01 (278)

04 қаңтар 2019 ж.

№ 52 (277)

27 желтоқсан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031