» » ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

  Елбасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздің сыртқы саясатын одан әрі экономикаландыра түсу жөніндегі жұмыс жоспары мен министрлік алдында тұрған міндеттердің орындалуы туралы мәлімет ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев елі­міз­дің сыртқы саясатын экономикаландырудың және сыртқы саяси бағытымызды әрі қарай тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
– Күн тәртібіндегі халық­аралық мәселелерді де ұмытпауымыз керек. Сыртқы істер министрлігінің міндеті – еліміздің сыртқы саясатын және бейбітшілік пен тату көршілік саясатын белсенді жүргізу. Бастаған ісіміздің бәрін одан әрі жалғастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысына инвес­тициялық жобаларды ілгері­лету жұмыстарына жүргі­зілген талдау нәтижелері мен министрліктің орталық аппа­ратының қызметін қайта түзу мәселелері жөнінде мәлімдеді.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланыс­ты мәлімдеме жасады.
– Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды.
Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террорис­тердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың қуанышында шек жоқ. Олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүргеніне қарамастан әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті. Біздің негізгі міндетіміз – еліміздің қауіпсіздігін, халқымыздың береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету екендігін айтты. Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстар алда да жалғаса береді.  
Кездесуде Сыртқы істер министрі Қазақстанның дипло­матиялық миссияларын сыртқы саясатты экономикаландыру жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкес жұмыстарға бейімдеу үшін қабылданған шаралар туралы баяндады, сондай-ақ ел экспортының бағыттарын қайта қарастыру үдерісі жөнінде айтты.
Елбасы кездесу қорытын­дысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
12 қаңтар 2019 ж. 21 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 02 (279)

09 қаңтар 2019 ж.

№ 01 (278)

04 қаңтар 2019 ж.

№ 52 (277)

27 желтоқсан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031