» » Қазақстандықтар міндетті Медициналық сақтандыру қорына қанша қаражат аударды?

Қазақстандықтар міндетті Медициналық сақтандыру қорына қанша қаражат аударды?

   2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі - 133 миллиард теңге, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі

 "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ жұртшылықпен байланыс департаментіне сілтеме жасап.  Өткен жылдың желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 миллиард теңгеден аса жарна түсті. Оның 124,3 миллиард теңгесі (шамамен 93,5 пайыз) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 миллиард теңге (6,5 пайызға жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.  
08 қаңтар 2019 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031