» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 765 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 765 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

   Мерекелік қайырымдылық шаралар аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға, жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларға жәрдем берілді.
Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қайырымдылық шаралар ұйымдастырды. Оның аясында 765 қызылордалық отбасына сыйлықтар, азық-түлік пен қаржылай көмек берілді.
«Қайырымдылық шараға облыстық басқармалар мен департаменттер, сондай-ақ, қала мен аудан әкімдіктері атсалысты. Жиналған қаражатқа жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік шараларға шақыру билеттері, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік сатып алынып, көмекке мұқтаж жанұяларға қаржылай көмек көрсетілді. Барлығы 765 отбасы қамтылды», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
Естеріңізге салайық, облыс әкімі, «Нұр Отан партиясы» облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев Саяси кеңес бюросының отырысында аймақтағы көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға көмек көрсетуді тапсырған болатын.
09 қаңтар 2019 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930