» » Бойыңыз қысқа болса...

Бойыңыз қысқа болса...

  Бойыңыз қысқа болса, кей әдістерді білу арқылы жарасымды көйлек табу оңайға түседі. Көйлек сатып аларда не нәрсеге мән беру керек? 1. Ұзындық Бойы қысқа қыздарға ең дұрысы – тізеден тұратын көйлек алу. Ал миди және макси ұзындықтағы көйлек пен белдемшені мұқият таңдау керек, себебі мұндай киімдер бойды одан әрі қысқа етіп көрсетеді. Арнайы кештерге еденге дейін жететін көйлек таңдауға болады, алайда ол кезде шлейфі бар немесе бір жағынан ойығы бар түріне мән беріңіз. 2. Пішімі Бойы қысқа қыздарға жіңішке, денеге жабысып тұратын, сонымен қатар қынама бел көйлектер жарасады. Көйлектің жеңі қысқа немесе шынтақтан келетін болғаны жөн. Себебі өте ұзын жең бойды одан әрі қысқартып көрсетуі мүмкін. 3. Материал Атлас және басқа да жылтыр маталар дене пішініне артық көлем беретіндіктен, визуалды түрде бойды да қысқартады. Сондықтан денеге жабысып тұратын созылғыш мата немесе пішінін жақсы ұстайтын қатты маталар таңдаған дұрыс. 4. Принт Ірі суреттерден аулақ болыңыз: үлкен гүл, ірі тор, жалпақ көлденең жолақ және т.б. Ал ұсақ бұршақтары мен кішкентай гүлдері бар және өте жіңішке жолақты көйлектер бойы қысқа қыздарға дәл келеді. Көктем-жаз 2019: сәнді принттер 5. Түс Егер біртүсті көйлек алғыңыз келсе, терең әрі қанық түстер жақсы шешім болады. Қарама-қарсы түстердің орнына бір түстің әртүрлі реңкін таңдаған жөн. 6. Деталь Көйлекте өте ірі детальдар болмауы керек. Мысалы, үлкен жаға, жабыстырмалы қалталар және өте жалпақ белдіктен аулақ болыңыз. 7. Аксессуар Әрине, бойды ұзартатын ең оңай әдіс – биік өкшелі туфли кию. Күнде туфли киіп жүру қиын болғандықтан, аяқ киім түсі мен колготки түсін бірдей етіп таңдаңыз. Сол кезде ол аяқты сәл ұзын етіп көрсетуге көмектеседі.

09 ақпан 2019 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 16 (293)

18 сәуір 2019 ж.

№ 15 (292)

11 сәуір 2019 ж.

№ 14 (291)

04 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930