» » Жастар саясатының дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанына көзім жетті

Жастар саясатының дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанына көзім жетті

Қуаныш Жанұзақов, Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы: 
   Елбасының қатысуымен ұйымдастырылған жастар жылының ашылу рәсіміне облыс бойынша 6 адам делегат болып келдік. Бізді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бастап келді. Мені қоспағанда 4 адам делегат: оның үшеуі Қармақшы, Арал, Жалағаш аудандарында мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын жұмысшы жастар, сондай-ақ Жастар ресурстық облыстық филиалының төрағасы Жасұлан Алдабергенов те бар.
Жалпы бұл шараға қатысқандардың бәрінің де көңіл-күйі өте жоғары деңгейде болды. Себебі Елбасы осы салтанатты жиында жастармен бұған дейін көтерілген мәселелердің шешімін өзі анықтап берді. Оның ішінде, маған ұнағаны, аймақтағы жастар саясатының дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанына тағы да көзім жетті. Елбасының жұмыс орындары емес, мамандар жоқ деген пікірін естіген боларсыздар. Бізде де осы мәселені аймақ басшысы бұдан бұрын аймақтың мемлекеттік жастар саясатына негізгі бағыт ретінде ұсынды. 2014 жылдан бастап аймаққа қажетті мамандар бойынша Ресейдің маңдайалды техникалық оқу орындарында облыс әкімінің гранты есебінен жастарды оқуға жіберді. Олардың алғашқы легі биыл бітіріп келді. Сондықтан біздің облыста Елбасының жастар жұмыссыздығы бойынша көтерген мәселесі бойынша алдағы уақытта жемісті жұмыстар болады деген ойдамын. Елбасы жастардың көңіліндегі тағы бір мәселе тұрғын үй мәселесі бойынша жастарды қолдау, жас ғалымдарға арнайы шәкіртақы бөлу және жастардың жаңа бастамаларын жүзеге асыруға қаржылай көмек көрсету сияқты пункттерді айқындап берді. Биылғы жастардың бастамасы біршама қолдауға ие болып, табысты жыл болады деп ойлаймын. Біз де аймақта бірқатар жобаларды жүзеге асырамыз
23 қаңтар 2019 ж. 313 2

Гость JeaKeenny от 14 ақпан 2019 14:26
Priligy Laboratorio online cialis Nitrostat With Out Rx Comprar Levitra Professional

Гость JeaKeenny от 6 наурыз 2019 01:03
discount isotretinoin in usa drugs with free shipping http://xbmeds.com Vermox Pills Online Purchase

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031