» » Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер

Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылуында «Қазақстанның болашағын жастарға сеніп тапсыруға болады деп ойлаймын. Біз текке жұмыс істеген жоқпыз. Біз дұрыс ұрпақты тәрбиелей алдық деген сенімдемін. Еліміздің болашағы үшін алаңдамаймыз. Сендер Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына шығара аласыздар»  - деп сенім білдірді.
Осы орайда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Студенттер «Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер»  тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, белсенді жастардың басын қосты. 
Шара барысында жас ғалымдар мен студенттердің  «Жас кәсіпкерлер жылы», «Жас ғалымдардың жаңа бастамалары», «Келешегі кемел ел ғана жастар ісіне мән береді», «2019 жыл Жастар жылы» тақырыптарында баяндамалары тыңдалды.  Бұл ретте, қатысушы жастар да ой-пікірлерін ортаға салып, алдағы мақсат-міндеттерді пысықтады.
Жиын еркін форматта өтті. Студенттер бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті.  Және алда жасалатын жобалары туралы ұсыныс-пікірлерін білдіріп,  өзара сенімге құрылған ашық әңгіме  өрбітті.  
29 қаңтар 2019 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

31-308

01 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031