» » Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресейден озды

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресейден озды


Қазақстан кең жолақты интернет жылдамдығының жаһандық индексінде екі саты төмендеп, 54-орынға жайғасты.
Speedtest Global Index сайты 2017 жылдың 1 желтоқсанына берген статистикасына сәйкес, Қазақстанда интернет байланысының орташа жүктеу жылдамдығы 25,96 Мбит/с болды. Бұл көрсеткіш Ресейден 11,45 Мбит/с аз. Беларусия 28,78 Мбит/с көрсеткішпен 51-орынға жайғасты. Ал, Арменияда 19,68 Мбит/с (69-орын), Қырғызстанда 14,01 Мбит/с (91-орын) жылдамдық. Бірақ Қазақстан мобильді интернет жағынан 18,9 Мбит/с жылдамдықпен Ресейден (16,65 Мбит/с , 74-орын) озып, 64-орынға жайғасты. Қырғызстан 98-орында (11,76 Мбит/с), Беларусь 95-орында (12,88 Мбит/с). ЕАЭО елдері арасында Армения 23,82 Мбит/с жылдамдықпен көш бастап, 52-орында тұр. Бұдан басқа, кең жолақты интернет рейтингінде Сингапур бірінші орында. Бұл елде интернет жүктемесі 161,21 Мбит/с. Ал, мобильді интернет тізімінде 61,2 Мбит/с жылдамдықпен Норвегия көш бастады.
08 қаңтар 2018 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031