» » Аңыз футболшы ардақталды

Аңыз футболшы ардақталды

  Футболдық ғұмырын қызылордалық «Қайсарға» арнаған аңыз футболшы Әбіл Қалымбетов атындағы дәстүрлі турнир биыл қайта жалғасын тапты. VI мәрте жалауы желбіреген жарыстың ауқымы жыл өткен сайын арта түсуде. Биылғы доп додасына 14 команда қатысуға ниет білдіріпті. Облыстық командалармен қатар Атырау мен Шымкент қалалары да бәсі биік бәсекеге бағын сынауға келіпті.«Евразия» және «ПетроҚазақстан» спорт кешендерінде ұйымдастырылған аламанда жанкүйерлердің қарасы қалың болды. Нағыз тартысты топтық кезеңде байқадық. Жан беріп, жан алысқан командалар жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Топтық кезеңде «Қайсар» мен «Атырау» арасындағы кездесу жанкүйерлер үшін ең үздігі саналды. Өткен маусымның жеңімпазы саналған атыраулықтар бұл жолы бір доп айырмасымен қарсыласына есе жіберді. Жартылай сында «Қайсар» «ПетроҚазақстанды» жолдан тайдырса, ардагерлер тарихтың тәмсіліне айналған «Сығанақты» сан соқтырды. Дегенмен қола үшін тартыста «Сығанақ» мықтылығын байқатты. Олар «ПетроҚазақстанды» 15-8 есебімен оңай еңсеріп, 100 мың теңгенің сертификатына ие болды. Ақтық сында «Қайсар» мен «Ардагер» өзара мықтыны анықтады. Кездесудің бірінші жартысында алғашқысы басым болса, екінші бөлігінде ардагерлер сәл ғана басымдықпен алға озды. Осылайша, биылғы бәсекенің биігіне «Ардагер» командасы көтеріліп, жарыстың бас бәйгесі 250 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды. Күміс жүлдегер атанған «Қайсарға» 150 мың теңгенің сертификаты табысталды. Алаңда өзіндік ойын өрнегін қалыптастырған ойыншылар да марапаттан құр қалмады. Жарыстың «үздік қақпашысы» – Жаңабек Әлназаров (Қайсар), «үздік қорғаушы» – Ерлан Алтаев (Сығанақ), «үздік шабуылшы» – Әкімжан Әбдішев (ПетроҚазақстан), «сұрмерген» – Вакадир Вакиадия (Сығанақ), «үздік ойыншы» – Марат Есмұратов (Ардагер) танылды. 

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі. 
28 қаңтар 2019 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30