» » ҚАСҚЫРЛАР ҚАРСЫЛАСЫН ҚАПЫ ҚАЛДЫРДЫ

ҚАСҚЫРЛАР ҚАРСЫЛАСЫН ҚАПЫ ҚАЛДЫРДЫ

   "Қайсар" оқу-жаттығу жиыны барысында ресейлік "Нижний Новгород" командасымен жолдастық кездесу өткізді. Тоқсан минуттық тартыста қасқырлар алаңда мықтылығын байқатып, қарсыласын қапы қалдырды. Есеп 2-0.
Өткен жылы Младенов шәкірттері аталмыш командаға 4-2 есебімен есе жіберген. Бүгінгі матч екі команда үшін қарымта кездесу ретінде өрбіді. Кездесу басталысымен ойын басымдығы "Қайсардың" еншісінде болды. Алғашқы шабуылдан-ақ таблодағы есеп өзгерді. Кездесудің 5-минутында команда көшбасшысы Мақсат Байжановтың асырған добына Братислав Пуношевац бірінші жетіп, қарсылас қақпасын дәл көздеді.  Санаулы сәттерден кейін арубалық Джон Джошуа сол қапталдан сытылып, қақпашымен жеке шықты.  Шеберлігі басым Джошуа әріптесі Братиславқа допты бағыттап, қақпашыны қапы қалдырды. Бос қақпаны нысанаға алған Пуношевац есепті еселеді.  Ойынның екінші бөлігінде екі ұжым да шабуыл ұйымдастырғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Қызылордалықтардың келер қарсыласы калининградтық "Балтика". Кездесу 6-ақпанда өтеді.
"Қайсар" – "Нижний Новгород" 2-0
Голдар: 0:1 – Пуношевац (5), 0:2 – Пуношевац (14).
Бірінші тайм: Григоренко, Ламанж, Оршулич, Садовничий, Чуреев, Джошуа, Құрманбекұлы, Байжанов, Нәрзілдаев, Барсегян, Пуношевац
Екінші тайм: Исламқұлов, Әмірсейтов, Оршулич, Граф, Гурман, Алтаев, Абзалов(Махан), Тағыберген, Зенькович, Мбамбо, Карлитос.
"Қайсардың" баспасөз қызметі
03 ақпан 2019 ж. 1 826 2

Гость JeaKeenny от 18 ақпан 2019 15:35
Cialis Alle Erbe Effetti Collaterali Buy Cheap Kamagra Me Uk Acquista Propecia 5 Alfa Reduttasi cheapest cialis 20mg buy direct cod isotretinoin sotret in germany overseas Sefton

Гость JeaKeenny от 10 наурыз 2019 04:51
Amoxicillin Anxious Propecia Low Testosterone levitra 20mg prix Propecia Ricrescita Buy Celebrex 200mg

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031