» » Ғалымдар депрессияға қарсы жемісті атады

Ғалымдар депрессияға қарсы жемісті атады

 Америкалық ғалымдар грек жаңғағын тұтыну депрессияның өршуіне жол бермейтінін анықтады. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлайды.

Грек жаңғағы депрессиямен күресуге көмектеседі. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. 

Олар грек жаңғағының адамның психологиялық денсаулығына әсері туралы зерттеу жүргізді. Мамандар 26 мың адамнан сауалнама алған. Анықталғандай, грек жаңғағын тұрақты жеген адамдарда депрессияға шалдығу деңгейі 26 %-ке төмен болған. Өз рационына грек жаңғағын қоспаған адамдар психологиялық тұрақтылығы және жақсы физикалық денсаулығының мінсіздігімен мақтана алмаған. 

Грек жаңғағының құрамында α-линоленді қышқыл бар. Ол метаболизмге белсенді қатысушы. Сонымен қатар, олар конгитивтік қабілетті жақсартады және қартаю процесін бәсеңдетеді.
11 ақпан 2019 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031