» » БОКСТАН БАҒЫМЫЗ ЖАНДЫ

БОКСТАН БАҒЫМЫЗ ЖАНДЫ

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскайды еске алуға арналған 63-інші халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы аталған сында 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ел құрамасы сапынан 52 келідегі Сәкен Бибосынов, 60 келідегі Серік Теміржанов және 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз атанды. 56 келіде жұдырықтасқан Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанса, 64 келідегі Сабыржан Бекбергенов турнирдің қола медаліне қол жеткізді. Турнир қорытындысы бойынша үздік боксшы атағын Қазақстан құрамасының мүшесі Серік Теміржанов иеленді.
Еске сала кетейік, бұл Қазақстан боксшыларының биылғы маусымдағы алғашқы ресми жарысы.
Ерасыл ШӘРІБЕК
14 ақпан 2019 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

№ 18 (295)

03 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031