» » «Томирис» тарихи драмасының алғашқы 2 постері жарияланды

«Томирис» тарихи драмасының алғашқы 2 постері жарияланды

  Режиссер Ақан Сатаев «Томирис» тарихи драмасының алғашқы 2 постерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осы ұсынылған екі постердің қайсысын «Томирис» фильмі үшін үздік деп санайсыздар?! Сіздердің пікірлеріңіз керек» - деп жазды Ақан Сатаев Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Ақан Сатаев сақтардың көшбасшысы - Тұмар ханшайым туралы тарихи фильм түсіріп жатыр. Бұған дейін біз  «Қазақфильмде» Тұмар патшайымды таңдау қалай жүріп жатқандығы туралы толық ақпарат берген болатынбыз.  Фильм сақ тайпалары патшайым Тұмардың қолбасшылғымен ұлы даланы басып алғысы келген парсы патшасы ІІ Кирге жойқын тойтарыс бергені туралы баяндайды. Кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры айтылады.   

Дереккөз: inform.kz
03 наурыз 2019 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031