» » Мемлекет басшысы оқушылардың жүктемесін азайтуды тапсырды

Мемлекет басшысы оқушылардың жүктемесін азайтуды тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында оқушыларға берілетін тапсырманы азайтуды тапсырды.
«Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек», - деді ол.
Сонымен қатар Қазақстан президенті білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажеттігін атап өтті. Осы орайда Елбасы еліміздің барлық өңірінде оқушыларды ғылымға тарту үшін тиісті жағдай жасау керегін хабарлады.
«Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3D-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі», - деді президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.
10 қаңтар 2018 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031