» » Қабылдау кезінде ешкім әйел ұрған жоқ

Қабылдау кезінде ешкім әйел ұрған жоқ

   Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов мәлімдеді.
          Айта кетейік, facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы Алматы қаласының тұрғыны Құрал Сейітханұлы Қызылорда қаласы әкімінің көп балалы аналарды қабылдау кезінде құқық қорғау органдары тарапынан бір азаматшаға қысым көрсетілгені туралы сол азаматшаның шағымы негізінде жазба қалдырған. Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілген.
– Бұл ақпарат түнде жарияланды, әлеуметтік желілерде департаменттің баспасөз қызметі тексеру жұмыстары басталды деп жауап берді. Тексерудің нәтижесінде бұл дерек расталған жоқ, – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов.
Сонымен қатар Полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов жалған ақпарат таратқан азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтіп (ҚР ҚК 274-бабы), 2016 жылдағы оқиғаны еске түсірді. 2016 жылы Қытайда орын алған жағдайды Қызылорда қаласында болған деп көрсетіп, ер азаматтың мәйітінің суреті әлеуметтік желілерде таралып кеткен еді. Алайда, ақпарат расталмағандықтан, аталмыш жарияланымның авторы, Алматы қаласының тұрғыны ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ департамент бастығы облыстық полицияның әрдайым ашық диалогқа және тұрғындарды дер кезінде ақпараттандыруға дайын екенін айтты.
07 наурыз 2019 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031