» » Досының тағамына У қосқан жігіттің әрекеті жаға ұстатты

Досының тағамына У қосқан жігіттің әрекеті жаға ұстатты

   Полиция 57 жастағы ер адамның жертөлесінен зертхана тапты. Сөйтсе, ол әріптестерінің тамағына сынап пен қорғасын қосылысын салып жүрген
 Германияда ер адам жылдар бойы әріптестерінің асына улы заттар қосып келген.
Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 23 жастағы сынақ мерзімінен өтіп жүрген жұмысшы комаға түскен, ал тағы екі қызметкердің бүйрегі ауырады, деп хабарлайды The New York Times.
Сот Шлос-Хольте-Штукенброк қаласында әріптестерін улап жүрген ер адамды өмір бойына соттады. Оның қылмысы жәбірленуші қызметкер тамағынан қоңыр түсті затты байқап қалған кезде ашылған.
Бір жарым жылдан соң тағы бір қызметкер – 23 жастағы сынақ мерзімінен өтуші жұмысшы комаға түседі. Болған жайттан кейін бөлмеге бейне бақылау камерасын орнатыпты. 57 жастағы механиктің әріптестерінің сөмкесін ашып, тамаққа сынап пен қорғасынның улы қосылысын салып жатқаны видеоға түсіп қалған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ол үш жыл бойы арам пиғылын іске асырып келіпті.
Полиция ер адамның үйін тінтіп, жертөледен зертхана тауып алды. Психиатрдың сөзіне сүйенсек, сотталушының есі дұрыс, өз әрекетіне толыққанды жауап бере алады. Болжам бойынша, ер адам әртүрлі қосылыстардың адам ағзасына қалай әсер ететінін білгісі келген. Ол былтыр мамырда ұсталды.
Тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Оның зауытта жұмбақ жағдайда қаза тапқан қызметкерлердің өліміне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/
11 наурыз 2019 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031