» » Қарттар үйінде қылмыс жасаған 88 жастағы қарияға қатысты сот үкімі шықты

Қарттар үйінде қылмыс жасаған 88 жастағы қарияға қатысты сот үкімі шықты

   Павлодар қаласының №2 сотында 57 жастағы ер адамды пышақтаған қарияға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Павлодар облысындағы Қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының қарамағында өмір сүретін қария бас бостандығынан айырылды. 
Сот ведомствасының мәліметінше, 2018 жылдың 13 желтоқсанында 88 жастағы ата телебағдарламаны көру үшін орталықтың кіре берістегі бөлмесіне келген. Ол сол жерде үлкен жастағы ер адаммен ұрысып қалады. 57 жастағы кісі атаны теледидардан итеріп жібереді. 
Оған өкпелеп қалған зейнеткер өз бөлмесіне барып, пышақты алып, өзін ренжіткен адамды ішінен пышақтады. Еңбек ардагері ҚР ҚК-нің 106 баб, 1 бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыс жасады. 57 жастағы ер адамның денсаулығына зақым келді. Қазір ол аман-сау. 
"Сот сотталушының кінәсін мойындап, шын жүрегімен өкінгенін, тұрған жерінен алынған мінездемені, бұрын сотталмағанын, ұлғайған жасын ескеріп, оны үш жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сот жазаны өтеу кезінде оның пробациялық бақылауға алынуын міндеттейді", — деп хабарлайды сот ведомствосы. 
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
14 наурыз 2019 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-298

23 мамыр 2019 ж.

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

04 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031