» » БӘРІ ДЕ ПАТША КӨҢІЛ КӨРЕРМЕН ҮШІН

БӘРІ ДЕ ПАТША КӨҢІЛ КӨРЕРМЕН ҮШІН

  Сержан СЕРІКБАЕВ, "Түнгі студия" бағдарламасының қызметкері

Көрермен көзайымына айналған  Түнгі студия бағдарламасында қызмет көрсететіндердің басым бөлігі қызылордалық жастар. Бағдарламаның экраннан сәтті шығуы үшін атсалысатын жерлесіміздің бірі – Сержан Серікбаев.
– Сержан, әңгіменің әлқиссасын шоу бағдарламалар бәсекесінде бәсі биік  Түнгі студияға қалай келгеніңнен бастасақ?
– Студент кезде шығармашылыққа етене жақын болдық. Достарыммен бірігіп, жайдарман ойындарына қатыстық. "Сәтті-сәт", "Тұңғыш Астана" секілді топтарда ойнадым. "Тұңғыш Астанамен" республикалық ойындарға қатысып, жетістігіміз жаман болған жоқ.. Шыны керек, жайдарман шығармашылыққа бейімдеді. Соның арқасында Астанаға шақырту алдық. Жанымдағы достармен бірге "Түнгі студияға" келдік. Тұсауын енді кесетін бағдарламаның алғашқы қызметкерлерінің бірі болдық. Иә, бұрын соңды мұндай қызмет атқарып көрмеген соң алғашында қиналдық. Берілген тапсырманы орындау үшін көп уақыт жоғалттық.  Түнгі ұйқыны мөлшерінен азайттық. Басшылық жұмыстағы тиянақтылығым мен жауапкершілігіме тәнті болған шығар, әйтеуір көрермені қалың бағдарламаға сценарист  қызметіне ойыстым.
– Түнгі студия әзіл аралас форматта өрбиді. Жалпы әзіл қалай жазылады?
–  Негізінде әзіл жазу мен әзіл айту екеуі екі түрлі. Айтылуынан жазылуы күрделі. Көбінде фантазияны  іске қосып,  екі желіні ойыңда қатар алып жүру керек болды. Мысалы, бір оқиға мен екінші оқиғаны бірге жүргізіп отырсаң, сол әзіл боп шығады. Әзіл жазу жаттығуды, шынығуды талап етеді. Басында қиын, үйрене келе жеңілдейді. Бәрі де көрерменнің патша көңілі үшін жазылады.
– Бір қызығы, Түнгі студияда қызмет көрсететін қызыметкерлердің арасында қызылордалықтар көп. Мұны жерлестердің қарым-қабілетінің мықтылығынан десек бол ма? Кадр таңдауда басшылық ең алдымен неге сүйенеді?
– Кадр мәселесі көптеген бұқаралық ақпарат құралдары үшін №1 проблема екендігі рас. Ал адамның көркімен қатар сөйлеу мәнері, жазу стилі маңызды болып есептелетін телевизия саласы үшін кадр мәселесі үнемі бірінші орында.  Еңбексүйгіш, ізденімпаздық, жанкештілік арқасында басшылықтың  сұранысын қанағаттандырып отырмыз деуге болады. Жанкешті дейтін себебім  негізі қазіргі журналистика осы жұмысты жақсы көріп, энтузиазммен жасайтын адам болмаса, аса бір жармасып істейтін қызмет емес дер едім.  Жоғарыда аталған талаптарға сай болсаңыз, басшылық әркез қолдау көрсетеді.
Мамандығыңыз теміржолшы. Алайда қазір басқа саланың қызметкерісіз. Бұдан нені аңғаруға болады? Біліктілік пе, әлде...
– Адам бұйырған несібесін жинаушы ғана. Әу баста теміржолшы болуды армандадым. Арман қуып Исатай Әбдікәрімов атындағы Агротехникалық колледжге оқуға түсіп, арманыма жақындай түскен болатынмын. Алайда маған нан басқа саладан бұйырыпты. Жалпы шығармашылық ортаға ойысуыма Жайдарман ойындары әсер етті. Алғашқы курстан бастап, әзіл алаңына қатысып, тәжірибе жинақтадық. Көбісінің бұл үйірмеге көңілі толмайтын шығар. Бірақ Жайдарман арқылы үлкен өмірге жол тауып, өсіп өнгендер баршылық. Мен де сол қатарданмын.
– Бүгінгі таңда белгілі жас сценаристер қатарына ендіңіз. Алдағы уақытта кино әлемінде бағыңызды сынап көргіңіз келмей ма?
– Жалпы киноиндустрияның дамуы елдің жалпы мәдениетін дамытуда үлкен септігін тигізетіні белгілі. Әлем бойынша, әсіресе Батыс елдерінде көптеген кинофильмдер түсіріліп, қомақты қаражат жинайды. Еліміздің киноиндустриясына келетін болсақ, біздің елде фильмдердің саны бұрынғыға қарағанда көбірек түсіріліп келеді. Оның ішінде әсіресе: "Бизнес по казахски"; "Жаужүрек мың бала","Балалық шағымның аспаны", "Шал";" Каникулы в Таиланде "Он и Она" және тағы басқа туындылар еске түседі. Бұл фильмдер, жалпы алғанда, сапасы жағынан өте жақсы. Алайда бұл секілді фильмдер біздің еліміздің адамдарында, батыстың көптеген туындылары беретін шаттану әсері немесе мол қызығушылық тудырмайды. Сонымен қатар, бүкіл елді ғана емес басқа мемлекеттердің де назарын өзіне қарататындай туындылар біздің елімізде әлі түсіріле қойған жоқ. Сондықтан сондай туындыны іске асыру – арманым.
– Сценарист  ізденуді көп талап етеді. Бұл жағдайда кітаптың әсері зор. Кітапты көп парақтайтын шығарсыз?
– Иә, кітап оқимын. Қазір жаңа технологияның арқасында кітап оқудың түр-түрі пайда болды. Бұл жағында электронды кітаптың мүмкіндіктері мол екені рас, оған толықтай келісемін. Қалаған уақытыңда, тіпті қалаған жеріңде ашып, оқи беруіңе болады. Бірақ қанша дегенмен қағаз кітаптарды көбірек оқуға тырысамын. Планшетке немесе ұялы телефонға үңіліп отырғаннан, кітап бетін парақтап ашып оқығанға не жетсін! Қағаз кітаптың маған берер әсері көп.  Қазір жазушылар көбіне тарихи-танымдық бағыттағы кітаптарды көбірек жазып кеткен сыңайлы. Бүгінгі жастарға роман, повесть, әдеби, сатиралық бағыттағы кітаптар ұнайды. Мысалы, соңғы рет  Джон Фаулздың «Коллекция жинаушы» атты кітабын оқыдым.
Сұхбаттасқан
Ерасыл Шәрібек
14 наурыз 2019 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-298

23 мамыр 2019 ж.

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

04 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031