» » Ұлттық киім және Наурыз

Ұлттық киім және Наурыз

  Біз ұлттық киімді наурызда киеміз. Жалға алып немесе таныстардан сұрастырып табамыз. Жақында құрбым хабарласты. Ұлына қазақша киім керек екен. Мереке қарсаңында іздегеніне қарағанда бір күнге екені белгілі еді. Жан-жаққа хабарласып бірге іздедік, десе де таппадық. Ақырында жалға алатын болды. Бұрын әр үйден қазақша киім табылатын. Қазір табу мұң болды.
Студент кезімде бір мұғалім "кімнің үйінде қамшы ілулі тұр" деп сұраған. Жиырма адамның ішінде "мен" деп бой көтеретін бір жан табылмады. Еңсесі түскен ағай "кімнің үйінде сәукеле бар" деді. Бәрі бір сол тыныштық. Санаулы күндерден кейін 22 наурыз есік қағады. Жаңа жылда орталық алаңға шырша ілуге бөлінген қаржыны айтпаған күннің өзінде, қаланы безендіріп, наурызға дайындалып жатқан жан адамды көрмейсіз. Міне, наурыз басталғалы 15 күн. Дайындық жоқ.
Жыл сайын наурыз айында Жаңақорған ауданы бастаған мекеме қызметкерлері жаппай қазақша киім киеді. Оны эстафета ретінде өзгелерге табыстайды. Ұлттық киім қазақтың қазақылығын танытатын бірден бір символ. Бұрын әр үйдің алдында киіз үй тігілетін. Ал қазір әдейілеп іздесе де таппаймыз. Жаңадан шыққан нәрсеге құмармыз. Заманауи өмірді қаладық. Ескілікке қолды бір сілтедік. Бізге керегі осы ма еді?
Мөлдір САБЫРЖАН
14 наурыз 2019 ж. 21 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031