» » Мәдени дамудың негізі – терең білім

Мәдени дамудың негізі – терең білім


Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Қызылорда» білім беру орталығында «Білім − мәдени дамудың негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосуды Қазақстан Коммунистік Халық партиясы  ұйымдастырған.
Жиын Елбасының«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында білім саласына қатысты айтылған ойлар мен саладағы атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде өрбіді. Шараға сала мамандары, колледж оқытушылары, қатысып, ой бөлісті. Жиында сөз алған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова, аймақта жастарды кәсіптік оқыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сала басшысының орынбасары,
− 22 колледже 28 мамандық бойынша 1515 студент білім алып жатыр. Олардың 604-і көпбалалы отбасынан, 34-і жетім, 693-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары. Қысқа мерзімді курстарда  2743 жас біліктілік алуда. Бітірген соң ірі әлеуметтік серіктестіктер арқылы жұмыспен қамтимыз, − деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Қасымова.
 − Бүгінгі күні сұранысқа сай мамандар даярлау керек. Ол үшін барлық мамандықтарға талдау жасалса, мемлекеттің қаржысына оқыған соң, мамандығына сай еңбек еткені дұрыс. Қаржының да қайтарымы болғаны жөн. Жұмыс іздеп келген жастардан бірінші еңбек өтілін сұрамай, салаға бейімдеп тәрбиелеу керек, − деп«Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасының орынбасары Қанағат Біләлұлы ойын ортаға салды.
Басқосуға жиналғандар аймақтағы білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы пікір алмасты. Елбасы мақаласын талқылап, ашық әңгіме алаңын құрды.
Гүлбану МАҚАЖАН
13 желтоқсан 2017 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 27 (252)

05 шілде 2018 ж.

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031